23.05.2017, 14:50 4792

Қызылорда облысында ақын-қыздардыӊ шығармашылық кеші өтті

Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы №202 орта мектепте "Жыр болып шашылғандар" атты аудандағы ақын-қыздардыӊ шығармашылық кеші өтті.

Қызылорда. 23 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы №202 орта мектепте "Жыр болып шашылғандар" атты аудандағы ақын-қыздардыӊ шығармашылық кеші өтті.

Шығармашылық кеште Есенбаева Айша, Қалжан Өтегенқызы, Бақыт Кәнтайқызы, Роза Көшекбайқызы, Айкүміс Телғарақызыныӊ шығармашылықтарына жеке-жеке кеӊінен тоқталып, өлеӊдері оқылды.

Айкүміс Телғарақызыныӊ шығармашылығындағы "Көктемді сендермен қарсы алам", "Жалағашқа жыр шашу" атты әуендері әуелете шырқалып, көрермендердіӊ ыстық ықыласына бөленді. Кеш барысында жыр жамбоздарыныӊ ізін басып келе жатқан Р.Атаулиева А. Ысқақовалар өз өлеӊдерін оқып, оларға ақын апалардыӊ жолын берсін деген тілекпен естелік сыйлықтар тапсырылды.

Кеш соӊында аудан әкімініӊ орынбасары Ж.Тажмаханов ақын аналарымызға аудан әкімініӊ "Алғыс хатын" және "Жалағаш аудандық әйелдер кеӊесі" қоғамдық бірлестігініӊ сый-сыяпаттарын тарту етті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны