02.05.2017, 20:47 4114

Қызылорда облысында азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Сот азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітіп, төленген мемлекеттік баж сомасын талапкерге қайтарып, азаматтық іс жүргізуді өндірістен қысқартты.

Қызылорда. 2 мамыр. Kazakhstan Today - Талапкер "Қ" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын жауапкер "А" жеке кәсіпкерімен жасалған 01.05.2011 жылғы № 003 және 01.05.2013 жылғы № 003 жалға беру шартын бұзу туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сот отырысында тараптар талап арызды медиация тәртібімен істі қарап жатқан судьяға өтінішхатпен жүгінген.

ҚР АПК-ніӊ 179-бабыныӊ 4-тармағына сәйкес, тараптардыӊ өтінішхаты бойынша медиацияны іс жүргізуінде іс жатқан судья өткізуі мүмкін.

Сотта тараптар судьяныӊ көмегімен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.

ҚР АПК-ніӊ 277-бабыныӊ 6-тармағына сәйкес, тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасса және оны сот бекітсе іс жүргізу тоқтатылады.

Сот азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітіп, төленген мемлекеттік баж сомасын талапкерге қайтарып, азаматтық іс жүргізуді өндірістен қысқартты.

Ұйғарым заӊды күшіне енген жоқ,- деп хабарлайды Қызылорда облысыныӊ мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотыныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны