29.05.2017, 16:11 4815

Қызылорда облысында "Біз болашақ сарбазбыз!" атты әскери-патриоттық сайыс өтті

5 турдыӊ қорытындысы бойынша 1 орынды №274 орта, 2 орынды №273 орта мектеп, 3 орынды №272 орта мектеп иеленіп,бағалы сыйлықтар мен дипломдармен марапатталды.

Қызылорда облысында "Біз болашақ сарбазбыз!" атты әскери-патриоттық сайыс өтті

Қызылорда. 29 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ жастар саясаты мәселелері басқармасы және "Ашық Азаматтық Қоғам" ақпараттық-ресурстық орталығы" қоғамдық қорыныӊ ұйымдастыруымен 2017 жылдыӊ 5 мамыр күні сағат 15.00-де

7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай "Біз болашақ сарбазбыз!" атты әскери-патриоттық сайыс №273 орта мектептіӊ базасында өткізілді. Сайысқа Байқоӊыр қаласындағы №272, №273, №274, №275, №277 орта мектептердіӊ жоғары сынып оқушылары қатысты.Сайыс бекітілген ережеге сәйкес өткізілді.

Алғашқы 3 тур, яғни автомат жинау, кеудеде жатып қолды бүгіп, жазу және газ қағарды кию турлары мектептіӊ спорт залында өткізілсе, қалған 2 тур, гранат лақтыру мен белтемірге тартылу мектептіӊ спорт алаӊында өткізілді.

5 турдыӊ қорытындысы бойынша 1 орынды №274 орта, 2 орынды №273 орта мектеп, 3 орынды №272 орта мектеп иеленіп,бағалы сыйлықтар мен дипломдармен марапатталды. №275 орта мектеп пен №277 орта мектеп қатысқандары үшін ынталандыру сыйлығы мен арнайы алғыс хатпен марапатталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны