03.05.2017, 15:18 4713

Қызылорда облысында "Болашақ энергиясы" тақырыбында балалардыӊ әлеуметтік жобалар байқауы өтті

Байқау II - кезеӊ бойынша 11 - 18 жас аралығындағы оқушыларыныӊ қатысуымен ұйымдастырылып, балалардыӊ 15 жобасы қаралды.

Қызылорда. 3 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облыстық білім басқармасыныӊ ұйымдастыруымен балалардыӊ әлеуметтік жобалар байқауы Қызылорда қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық "Білім-инновация" лицей - интернатында "Болашақ энергиясы" тақырыбында өтті. Бұл туралы басқарманыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Байқау II - кезеӊ бойынша 11 - 18 жас аралығындағы оқушыларыныӊ қатысуымен ұйымдастырылып, балалардыӊ 15 жобасы қаралды.

Шараныӊ мақсаты: балаларды белсенді азаматтық ұстанымға тәрбиелеу, өз қала, ауылыныӊ тыныс - тіршілігіне қатысу құқықтары мен дағдыларын қалыптастыру, балалар бастамаларын іске асыру үшін алаӊдар құру болып табылады.

Жобаларды білім саласыныӊ мамандары мен "Нұр Отан" партиясыныӊ өкілдері сараптады. Еӊ үздік деп танылған 3 жоба республикалық кезеӊге жолданды. Олар: Қазалы ауданыныӊ №258 орта мектеп оқушысы Аида Еденбаева, Қармақшы ауданыныӊ №269 орта мектеп оқушысы Дәулет Аймағанбетов, Қызылорда қаласыныӊ №267 орта мектеп оқушысы Аружан Сәрсенбаева.

Жеӊімпаздардыӊ жобалары Балалардыӊ құқықтарын қорғау комитетініӊ www.bala-kkk.kz ресми сайтында және "Балалар бастауы - 2017" әлеуметтік жобалар жинағында жарияланатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны