05.07.2017, 08:55 5146

Қызылорда облысында "Ғылым сыры кітапта" атты көрме-кеӊес ұйымдастырылды

Қызылорда облысыныӊ И. Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана фойесінде "Ғылым сыры кітапта" атты көрме-кеӊес ұйымдастырылды. Көрме сөресіне тарихи деректер, оқулықтар, ақын- жазушылардыӊ шығармалары, фотоальбомдар қойылды.

Қызылорда. 5 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ И. Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана фойесінде "Ғылым сыры кітапта" атты көрме-кеӊес ұйымдастырылды. Көрме сөресіне тарихи деректер, оқулықтар, ақын- жазушылардыӊ шығармалары, фотоальбомдар қойылды.

Көркем әдебиетпен қатар ғылым мен білімді де қамтыған көрмеде Н.Иліпбековтіӊ "Бизнесті ұйымдастыру" оқулығы , К.Ибенованыӊ "Еӊбекті қорғау", С.Шәріпханованыӊ "Апаттан құтқару жұмыстарын қауіпсіз ұйымдастыру", Е.Үмбетқұлованыӊ "Ауыл шаруашылығын электрмен жабдықтау" кітаптарымен танысты.

Сонымен қатар келушілер назарына А. Сейдімбектіӊ шығармалар жинағы, С. Құбашевтыӊ "Ел деп соққан жүрегі", Т. Молдағалиевтіӊ 24 томдық таӊдамалы туындылар жинағы, О.Ысқақовтыӊ "Көргендерім мен көӊілдегілерім", М. Мақатаевтыӊ "Тамаша айым - тамызым", А. Алматовтыӊ "Жыр керуені", С. Қорабайдыӊ "Нәрлі тамырлар" атты туындылары ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны