26.04.2017, 16:25 4928

Қызылорда облысында халықтыӊ тұрмысы төмен мұқтаж бөлігін баспанамен қамтамасыз ету мақсатында "10 теӊге - 10 үй" жобасы ұсынылды

-Біз ұсынып отырған "10 теӊге - 10 үй" жобасы облыста, аудандарда немесе ауылдық жерде тұратын тұрмысы төмен отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды, жастарды баспанамен қамтамасыз етуді көздейді. Бәріміз аптасына 10 теӊгеден қайырымдылық жасап отырсақ, қаншама жаннан сауап аламыз. Аптасына немесе айына 10 теӊге, не болмаса 100 теӊгемізді қисақ, жылына 100-ге жуық отбасыныӊ пәтерлі болуына көмектескен болар едік,- деді қоғамдық бірлестік төрағасы Д.Болатұлы.

Қызылорда. 26 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ "Өрлеу Консалтинг" жастар қоғамдық бірлестігі қоғамда өзекті болып отырған баспана мәселесін шешудіӊ жаӊа жолын ұсынады. Қайырымдылық жобаныӊ басталуына орай Қызылорда облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметінде "Өрлеу Консалтинг" жастар қоғамдық бірлестігініӊ төрағасы Дастанбек Болатбекұлы БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.

-Біз ұсынып отырған "10 теӊге - 10 үй" жобасы облыста, аудандарда немесе ауылдық жерде тұратын тұрмысы төмен отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды, жастарды баспанамен қамтамасыз етуді көздейді. Бәріміз аптасына 10 теӊгеден қайырымдылық жасап отырсақ, қаншама жаннан сауап аламыз. Аптасына немесе айына 10 теӊге, не болмаса 100 теӊгемізді қисақ, жылына 100-ге жуық отбасыныӊ пәтерлі болуына көмектескен болар едік,- деді қоғамдық бірлестік төрағасы Д.Болатұлы.

Бұл жоба қазіргі кезде еӊ өзекті болып тұрған баспана мәселесін шешудіӊ тиімді жолдарыныӊ алғашқы бастамасы болмақ. Баспанаға мұқтаждық бүгінніӊ ғана мәселесі емес, халық саныныӊ өсуіне байланысты кейін де бола беретін мәселе. Аталған жоба "әр қазақ баспаналы болса екен" деген мақсатта ұйымдастырылып отыр.

"Өрлеу Консалтинг" жастар қоғамдық бірлестігініӊ арнайы қайырымдылық шарасына арналған банктік есепшоты, "Киви әмиян" және "24 касса" терминалдарында "10 теӊге - 10 үй" жобасына арналған арнайы бөлімдері бар. Ақша аударымдарын сол арқылы жіберуге болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны