12.10.2018, 22:17 10050

Қызылорда облысында Қалтай Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясы ашылғанына 100 толу мерейтойы тойланды

Ғасырлық шежіресі тасқа басылған білім ордасыныӊ мерейтойына орай "Заманауи білім тенденциялары және Қалтай Мұхамеджанов мұрасы" атты ғылыми-танымдық конференция өткізілді.

Қызылорда. 12 қазан. Kazakhstan Today - Қызылорда қаласындағы Қалтай Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясы ашылғанына 100 толу мерейтойын атап өтті.

Ғасырлық шежіресі тасқа басылған білім ордасыныӊ мерейтойына орай "Заманауи білім тенденциялары және Қалтай Мұхамеджанов мұрасы" атты ғылыми-танымдық конференция өткізілді. Оған облыстық білім басқармасыныӊ басшысы Майра Мелдебекова, ақын, Алаш сыйлығыныӊ иегері Сейфолла Оспанов, саяси ғылымдар кандидаты, профессор Ибдіжәлел Бәкір және өзге де елге танымал азаматтар қатысты.

Жұртшылық алдында облыстық білім басқармасыныӊ басшысы Майра Мелдебекова сөз алып жүрекжарды лебізін білдірді. Ұлағат ордасында ұзақ жылдан бері тәлім беріп жүрген ұстаздарға Білім және ғылым министрлігініӊ Құрмет грамотасын табыс етті. Сондай-ақ, бірқатар ұстаздар облыс әкімініӊ Алғыс хатымен марапатталды.

Мектеп-гимназия тарихы 1918 жылдыӊ 1 қазанынан бастау алады. Бұл шаӊырақта талай жақсы мен жайсаӊдар шәкірттерге білім нәрін берді. Осындай ұлағатты ұстаздардан тәлім алған түлектер де әрдайым өздерініӊ алтын ұясын мақтан тұтады.

Осыдан ғасыр бұрын, 1918 жылғы қазан айыныӊ бесінде Ақмешіт қаласында мұсылман ұлдар мектебі мұғалімдерініӊ алғашқы отырысы болды. Оныӊ хаттамасында Ш.Валлиуллин, А.Ибрагимов, М.Ғазизов және Н.Бекболатовтар қатысқаны, олар өз орталарынан мектептіӊ меӊгерушісі етіп Ш.Валлиуллинді сайлағаны жазылған. Міне, осы күн Сыр бойындағы қазақ оқу орындарыныӊ алғашқы қара шаӊырағы, бұрынғы 1 Май, қазіргі Қалтай Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясыныӊ іргетасыныӊ қаланған күні болып, аталып келеді.

"Мерейтой аясында "Тағылымды тарих мектебі" тақырыбы бойынша арнайы жоба жасалды. Соныӊ аясында туған өлкеніӊ тарихын, құнды деректерін тану арқылы жас ұрпақтыӊ бойында патриоттық сезім қалыптастыру бағытында арнайы іс-шаралар ұйымдастырылды. Атқарылған іс-шаралар ұжымныӊ, өрендердіӊ мектеп және туған жер тарихын танып, өткен өмірі мен бүгінгісін бағамдауына жол ашады", - деді мектеп директоры Данабек Ибдірайымов.

Салтанатты шара барысында ақын Сейфолла Оспан, саяси ғылымдар кандидаты, профессор Ибдіжәлел Бәкір, мектептіӊ 1998-2007 жылдардағы директоры Күләш Ежетаева, мектеп түлегі, медицина саласыныӊ еӊбегі сіӊген ардагері Тұрғанбай Маханов өз лебіздерін білдірді.

Мемлекет басшысы өзініӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласында былай деген:

"Туған жерге деген сүйіспеншілік нені білдіреді, жалпы, бағдарламаныӊ мәні неде?

Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деӊгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді.

Патриотизмніӊ еӊ жақсы үлгісі орта мектепте туған жердіӊ тарихын оқудан көрініс тапса игі.

Туған жердіӊ әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Ирбір жер атауыныӊ төркіні туралы талай-талай аӊыздар мен әӊгімелер бар. Ирбір өлкеніӊ халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осыныӊ бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс.

Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл - қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны