11.07.2018, 14:25 3986

Қызылорда облысында қасақана кісі өлтіріп, сексеуілге жасырған қылмыскерге үкім шықты

Сот үкімімен сотталушы В. Қазақстан Республикасыныӊ Қылмыстық Кодексініӊ 99-бабыныӊ 1-бөлігімен (адам өлтіру) кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесініӊ қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуге деп белгіленді.

Қызылорда. 11 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 37 жастағы сотталушы В-ға қатысты айыптау үкімі жарияланды.

Қылмыстық іс-құжаттары бойынша 31 қаӊтар 2018 жылы сотталушы В. жәбірленуші Т-мен бірге спирттік ішімдік ішкен. Ішімдік ішу барысында сотталушы жәбірленушімен сөзге келіп, оныӊ басынан, денесінен бірнеше рет ұрып, теуіп оны қасақана өлтірген. Қылмысын жасыру мақсатында 50-60 см жерді қазып, оны өзініӊ тұрып жатқан кепесініӊ тұсына көміп тастаған. Бірақ, мүрдені тауып алады деген күдікпен оны қайтадан қазып алып, оныӊ денесін полиэтилен пакетімен орап, өзініӊ тұратын жерінен 12 км қашықтыққа апарып, сексеуілмен жасырып кеткен.

Сот үкімімен сотталушы В. Қазақстан Республикасыныӊ Қылмыстық Кодексініӊ 99-бабыныӊ 1-бөлігімен (адам өлтіру) кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесініӊ қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуге деп белгіленді.

Үкім заӊды күшіне енген жоқ.

Қызылорда облысыныӊ қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыныӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны