02.02.2015, 14:59 3716

Қызылорда облысында көші-қон заӊнамасын бұзған Өзбекстан Республикасыныӊ 31 азаматына қатысты әкімшілік шара көрілді

Айта кетерлік жайт, үстіміздегі жыл басынан бастап көші-қон полициясы құрылымдарымен Көші-қон заӊнамасын бұзғандықтары үшін 176 алыс және жақын шетел азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қызылорда. 2 ақпан. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ 30 қаӊтарында Қызылорда облысыныӊ ІІД Көші-қон полициясы басқармасыныӊ қызметкерлерімен арнайы шолу жұмыстарын жүргізу барысында Қызылорда қаласында Өзбекстан Республикасыныӊ 31 азаматы Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзғандықтары үшін анықталған. Яғни, Қызылорда қаласында бір мекенжай бойынша уақытша тіркеуге тұрып, алайда ішкі істер органдарын хабардар етпей, облыстағы басқа мекенжай бойынша қоныс аударған 27 шетелдік азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодексініӊ 517-бабы, 2-бөлігімен және уақытша тіркеу мерзімі өткеннен кейін еліміздіӊ аумағынан кетуден жалтарған 4 азаматқа қатысты ҚР ИҚБтК-ніӊ 517-бабы, 4-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылып, қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Икімшілік сот қаулысымен шетелдік азаматтар әртүрлі мерзімдерге, яғни 1 тәулік және одан жоғары мерзімдерге әкімшілік қамауға алынып, біреуі Республика аумағынан шығарылды.

Айта кетерлік жайт, үстіміздегі жыл басынан бастап көші-қон полициясы құрылымдарымен Көші-қон заӊнамасын бұзғандықтары үшін 176 алыс және жақын шетел азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны