01.10.2018, 15:11 4951

Қызылорда облысында "Мемлекеттік қызмет мектебі" ашылды

Қазіргі таӊда жаӊа мектепке қабылдау шаралары белсенді жүріп жатыр. Мемлекеттік қызмет мектебі жас көшбасшыларды оқыту, мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өткізу арқылы мемлекеттік қызметтіӊ іс жүзіндегі дағдыларын үйренуге мүмкіндік береді.

Қызылорда. 1 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Қызылорда облысы бойынша департаменті және Қазақстан Республикасыныӊ Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясыныӊ Қызылорда облыстық филиалы бірлесіп талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту, кадр қорын қалыптастыру мақсатында Сыр өӊірінде жоғары оқу орындары түлектері үшін "Мемлекеттік қызмет мектебін" ашты.

Қазіргі таӊда жаӊа мектепке қабылдау шаралары белсенді жүріп жатыр. Мемлекеттік қызмет мектебі жас көшбасшыларды оқыту, мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өткізу арқылы мемлекеттік қызметтіӊ іс жүзіндегі дағдыларын үйренуге мүмкіндік береді.

Аталған бастама аясында, жақында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Болашақ университеті, Ақмешіт гуманитарлық-техникалық институтыныӊ студенттерімен кездесу өтті. Кездесуде мемлекеттік қызмет мектебініӊ міндеттері мен мақсаттары таныстырылып, тестілеу бағдарламасына қажетті нормативтік-құқықтық актілердіӊ негізгі бағыттары туралы айтылды.

"Мемлекеттік қызмет мектебіне жоғары оқу орындарыныӊ 3-4 курс студенттері қабылданады. Мақсатымыз - келешегін мемлекеттік қызметке арнағысы келетін жас маманныӊ ЖОО дипломымен бірге мемлекеттік қызметтіӊ талап-дағдыларын да қоса меӊгеріп шығуына көмектесу", - деді Агенттіктіӊ Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысыныӊ орынбасары Берікбол Байхожаев.

Сондай-ақ, аталған мектепте жас мамандарды мемлекеттік қызмет саласындағы реформалармен таныстырып, нақты іс-тәжірибеге бағытталған көмек береді. Айта кетейік, облыста мемлекеттік қызмет мектебінде оқуға қазірдіӊ өзінде 100-ден астам жоғары курс студенті ниет білдіріп отыр. Олар арнайы сынақтан өткеннен кейін ғана Қазақстан Республикасыныӊ Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясыныӊ Қызылорда облыстық филиалында шеберлік сабақтарын алатын болады.

Мектепте үш ай оқу барысында студенттер білім алумен қатар мемлекеттік органдарда тәжірибеден өтеді. Оқу бітірген түлек бакалавр мамандығымен қатар "Мемлекеттік қызметкер" сертификатын алады. Бұл құжат жас мамандардыӊ "Б" корпусыныӊ еӊ төменгі лауазымдарына жарияланған конкурстарына қатысуына мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы өзініӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласында былай деген:

"Экономиканыӊ кәсіптік сипаты бұрын-соӊды ешбір дәуірде мұншама жедел өзгермеген.

Біз бүгінгі жаӊа атаулы ертеӊ-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеӊіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.

Осыны бек түсінгендіктен, біз білімге бөлінетін бюджет шығыстарыныӊ үлесі жөнінен әлемдегі еӊ алдыӊғы қатарлы елдердіӊ санатына қосылып отырмыз.

Табысты болудыӊ еӊ іргелі, басты факторы білім екенін әркім тереӊ түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердіӊ қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны