19.04.2017, 16:09 4393

Қызылорда облысында мүмкіндігі шектеулі балалардыӊ арасында I спартакиада мен "Жұлдызай" ХІІ шығармашылық фестивалі өтті

Қызылорда облыстық білім басқармасыныӊ ұйымдастыруымен, "Нұр Отан" партиясыныӊ Қызылорда облыстық филиалы қолдауымен 10-18 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балалардыӊ арасында I спартакиада мен "Жұлдызай" ХІІ шығармашылық фестивалі өтті. Бұл туралы облыстық білім басқармасыныӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылорда. 19 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облыстық білім басқармасыныӊ ұйымдастыруымен, "Нұр Отан" партиясыныӊ Қызылорда облыстық филиалы қолдауымен 10-18 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балалардыӊ арасында I спартакиада мен "Жұлдызай" ХІІ шығармашылық фестивалі өтті. Бұл туралы облыстық білім басқармасыныӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Спартакиадада балалар спорттыӊ 4 түрінен (мини футбол, асық ату, жеӊіл атлетика, үстел теннисі) жарысқа қатысты. Барлық 48 қатысушы облыстық білім басқармасыныӊ дипломымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ал "Жұлдызай" шығармашылық фестивалі Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетініӊ Студенттер сарайында өтті.

Аудандық, қалалық іріктеу кезеӊінде барлығы 320 бала өнер көрсетіп, облыстық фестивальге жолдама алған 150 бала ән айту, би билеу, әнді ым ишаратпен айту, аспапта ойнау, қолданбалы көркемөнер, сурет-бейнелеу өнері бойынша сынға түсті.

Ирбір өнерпаз бала "ТорғайПетролиум" АҚ, облыстық мәслихат депутаттарыныӊ сый-сыяпаттары мен облыстық білім басқармасыныӊ дипломын иеленді.

Фестиваль соӊында Қазақстанныӊ эстрада әншісі Нұржан Керменбаев сахнаға шықты.

"Жұлдызай" мүмкіндігі шектеулі балалар шығармашылығыныӊ фестивалі мен спартакиаданыӊ облыстық іріктеу кезеӊініӊ жеӊімпаздары 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай Алматы қаласында өтетін шараға жолдама алды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны