02.08.2017, 19:22 4502

Қызылорда облысында өӊірге қажетті мамандықтар бойынша облыс әкімініӊ 182 гранты бөлінді

2017 жылға Қазақстан Республикасыныӊ білім беру мекемелерінде аймақтыӊ әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын өӊірге қажетті мамандықтар бойынша (еӊбек ресурстар балансына сәйкес) әлеуметтік тұрғыдан халықтыӊ осал топтарынан шыққан студенттерге білім беру қызметіне ақы төлеу үшін облыс әкімініӊ гранты бөлінді, гранттар саны 182.

Қызылорда. 2 тамыз. Kazakhstan Today - 2017 жылға Қазақстан Республикасыныӊ білім беру мекемелерінде аймақтыӊ әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын өӊірге қажетті мамандықтар бойынша (еӊбек ресурстар балансына сәйкес) әлеуметтік тұрғыдан халықтыӊ осал топтарынан шыққан студенттерге білім беру қызметіне ақы төлеу үшін облыс әкімініӊ гранты бөлінді, гранттар саны 182.

Оныӊ ішінде педагогикалық, техникалық, ауылшаруашылығы, экономика және бизнес, қызмет көрсету, энергетика салалары бойынша бакалавр академиялық дәрежесінде мамандарды дайындауға 162 грант, ҚР медициналық білім және ғылым ұйымдарында резидентура медицина кадрларын (гастроэнтеролог, офтальмолог, невропатолог, лор, неонатолог, эндокринолог, анестизиолог-реаниматолог, кардиолог, нефролог, окулист, ревматолог, лучевая диагностика) даярлауға 20 грант бөлінді.

Үміткерлерден құжаттарды қабылдау үстіміздегі жылдыӊ 1 тамызынан бастап тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық) жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері арқылы жүргізіледі және осы бөлімдер арқылы облыс әкімініӊ гранты бойынша қажетті ақпаратты алуға болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны