26.05.2017, 15:42 4818

Қызылорда облысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

Жиналыс соӊында филиал директоры Ғ.Төрешов барлық нысандарда қарапайым өрт сөндіргіштіӊ болуы - қайғылы оқиғаныӊ алдын алуға, жалынныӊ алғашқы сатысында-ақ сөндуге мүмкіндік беретінін және өртке қарсы су құрылғыларыныӊ дұрыс жұмыс жасалуын үнемі бақылап отыру қажет екенін айтты.

Қызылорда. 26 мамыр. Kazakhstan Today - "Өрт сөндіруші" АҚ Қызылорда облысыныӊ филиалына жиын өтіп, онда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.

Ереже талаптарыныӊ сақталуын талқылау барысында филиал директоры Ғ.Төрешов жедел жағдай туралы, өрттердіӊ статистикасы мен олардыӊ шығу себептерін айтты.

Филиал қызметкері О.Жұмабеков өрттіӊ қураған шөптерді жағудан басталатынын атап өтті. Сонымен қатар, қызметкерлердіӊ өрт жағдайын тұрақтандыру бағытындағы жұмысы да сарапқа салынды.

Жиналыс соӊында филиал директоры Ғ.Төрешов барлық нысандарда қарапайым өрт сөндіргіштіӊ болуы - қайғылы оқиғаныӊ алдын алуға, жалынныӊ алғашқы сатысында-ақ сөндуге мүмкіндік беретінін және өртке қарсы су құрылғыларыныӊ дұрыс жұмыс жасалуын үнемі бақылап отыру қажет екенін айтты.

Сонымен қатар, филиал директоры бұндай оқиғалар орын алғанда өрт сөндіру бағытында дереу ұйымдастыру және құрылғыларды тез әзірлеу жұмыстары маӊызды рөл атқаратынын атап өтті.

"Өрт сөндіруші" АҚ Қызылорда облысыныӊ филиалы

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны