12.05.2018, 00:45 6027

Қызылорда облысында сыбайлас жемқорлықтыӊ алдын алу бойынша қоғамдық бақылау орнатылған

Қызылорда облысында "Қоғамдық бақылау картасы" жобасыныӊ CALL-орталығы жұмыс жасауда. Жобаныӊ негізгі мақсаты - әлеуметтік объектілердіӊ, жолдардыӊ құрылысы мен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында олардыӊ сапасына және басқа да салаларда сыбайлас жемқорлықтыӊ алдын алу бойынша тұрғындар тарапынан қоғамдық бақылау орнату.

Қызылорда. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында "Қоғамдық бақылау картасы" жобасыныӊ CALL-орталығы жұмыс жасауда. Жобаныӊ негізгі мақсаты - әлеуметтік объектілердіӊ, жолдардыӊ құрылысы мен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында олардыӊ сапасына және басқа да салаларда сыбайлас жемқорлықтыӊ алдын алу бойынша тұрғындар тарапынан қоғамдық бақылау орнату.

Жобаны тиімді жүзеге асыру мақсатында"WhatsАpp", "Telegram" мессенджерлері мен "ВКонтакте", "Facebook", "Instagram" әлеуметтік желілерінде аккаунттар ашылып, кез-келген азамат тарапынан өтініш қалдыру мүмкіндігі де қарастырылып отыр. Өтініштер "Qamqor" қосымшасы және аудандарда құрылған жемқорлыққа қарсы арнайы мониторингтік топтар арқылы да қабылданады.

Бүгінгі күнге дейін "Қоғамдық бақылау картасына" жер мәселесі бойынша - 5, білім саласы бойынша - 4, құрылыс саласы бойынша - 3, ішкі істер саласына - 2, өзге де мәселелерге қатысты - 2, жалпы саны - 16 өтініш түскен. Барлық түскен өтініштер бойынша тиісті шешімдер қабылданған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны