19.04.2017, 16:21 5854

Қызылорда облысында сотталғандардыӊ құқықтарын қорғау үшін түзеу мекемелерінде прокурор кабинеттері жұмыс атқаруда

Қылмыстық-атқару жүйесініӊ Қызылорда қаласында қатаӊ режимдегі ЗК-169/5 түзеу мекемесі мен ЗК-169/1 тергеу изоляторы, Шиелі ауданында ЗК-169/4 қоныс-колониясы орналасқан,- деп хабарлайды Қызылорда облыстық прокуратурасыныӊ баспасөз қызметі. Бүгінгі күні түзеу мекемелерінде барлығы 703 сотталған жаза өтесе, тергеу изоляторында қамауға алынған 133 адам ұсталуда.

Қызылорда. 19 сәуір. Kazakhstan Today -Қылмыстық-атқару жүйесініӊ Қызылорда қаласында қатаӊ режимдегі ЗК-169/5 түзеу мекемесі мен ЗК-169/1 тергеу изоляторы, Шиелі ауданында ЗК-169/4 қоныс-колониясы орналасқан,- деп хабарлайды Қызылорда облыстық прокуратурасыныӊ баспасөз қызметі.

Бүгінгі күні түзеу мекемелерінде барлығы 703 сотталған жаза өтесе, тергеу изоляторында қамауға алынған 133 адам ұсталуда.

Жаза өтеушілерді жеке қабылдау арқылы өтініштерін қарап, құқықтарын қорғау үшін барлық мекемелерде прокурор кабинеттері ашылып, қызмет атқаруда.

Мекемелерде аптасына үш рет кездесулер жүргізіп, олардыӊ шағымдары мен өтініштерін мерзімінде шешу жолға қойылды.

Қатаӊ режимдегі түзеу мекемесінде ұзақ мерзімдерге сотталғандар жаза өтейтіні ескеріліп, облыс прокуроры Х.З.Дәуешовпен 13 сәуірде жеке қабылдаулар жүргізілді.

Қорытындысымен сотталғандардыӊ жазаларын тұрғылықты жеріндегі мекемелерде өтеуге ықпал жасау туралы ұсыныстары ескерілді.

Нақтыласақ, қатаӊ режимдегі ЗК-169/5 түзеу мекемесінде жаза өтейтін барлығы 585 сотталғанныӊ небәрі 247-і (42,2%) Қызылорда облысыныӊ азаматтары.

Ал, 255 сотталған (43,5%) басқа өӊірлердіӊ азаматтарын құрайды.

Атап айтқанда, 80-ы Оӊтүстік Қазақстан, 93-і Алматы, 58-і Жамбыл, 5-і Ақтөбе, 5-і Шығыс Қазақстан, 5-і Батыс Қазақстан, 2-і Қарағанды, 2-і Қостанай, 3-і Маӊғыстау, 1-і Павлодар, 1-і Солтүстік Қазақстан облысыныӊ тұрғындары (Қалғандары шет ел азаматтарын құрайды).

Қылмыстық-атқару кодексініӊ 88-бабына сәйкес, егер сотталған адамныӊ тұрғылықты жері бойынша тиісті (сәйкес) режимдегі мекеме болмаған жағдайда оны басқа облыстыӊ мекемесіне жіберу белгіленген.

Дегенмен, қатаӊ режимдегі мекемелер Ақмола, Ақтөбе, Алматы, ШҚО, Жамбыл, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Маӊғыстау, Павлодар, СҚО, ОҚО, Астана қаласында қызмет атқаратынын ескеріп, басқа облыстардыӊ азаматтарын тұрғылықты жері бойынша жаза өтеу үшін қайтаруды шешу қажет.

Жеке қабылдаулар нәтижесінде, бүгінгі күнге тұрғылықты жері бойынша жаза өтеуді сұрау туралы 42 сотталған өтініш білдіріп, бұл жұмыстар жалғасуда.

Тұрғылықты жері бойынша жаза өтеу сотталғандар мен туыстары арасындағы әлеуметтік байланысты нығайтып, олардыӊ түзелу жолына түсуіне ықпал жасайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны