03.07.2015, 10:24 3543

Қызылорда облысында "STOP-трафик" іс-шарасы аясында 4 қылмыс анықталды

Ағымдағы жылдыӊ 29 маусым - 1 шілдесі аралығында Қызылорда облысы аумағында "STOP трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілген болатын. Аталған шараныӊ басты мақсаты - адам саудасына байланысты қылмыстарды ашу, ескерту, жолын кесу және еӊбегін қанау мақсатымен адамдарды ұрлау және бас бостандығынан айыру саласындағы қылмыстарды анықтау болып табылады

Астана. 03 Шілде. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ 29 маусым - 1 шілдесі аралығында Қызылорда облысы аумағында "STOP трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілген болатын. Аталған шараныӊ басты мақсаты - адам саудасына байланысты қылмыстарды ашу, ескерту, жолын кесу және еӊбегін қанау мақсатымен адамдарды ұрлау және бас бостандығынан айыру саласындағы қылмыстарды анықтау болып табылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шара барысында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасыныӊ қызметкерлері ҚР ҚК-ніӊ 309-бабы, яғни Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеӊгетайлық дерегі бойынша 4 қылмысты анықтап, барлығына қатысты қылмыстық істер қозғады.

Атап айтқанда, 29 маусым күні А есімді қала тұрғыны демалушы азаматтарға жеӊіл жүрісті жас қыздарды тауып беріп, осы қызметі үшін олардан әр түрлі көлемде ақша алып, пайдакүнемдік мақсатта жеӊгетайлық қылмыспен айналысып жүрген жерінен құрықталды. Аталған қылмыс дерегі бойынша ҚР ҚК-ніӊ 309-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны