16.10.2009, 18:07 3859

Қызылорда облысында таңертеңгі және кешкі уақыттарда жарық үзіледі деп күтілуде

Қызылорда облысында таңертеңгі және кешкі уақыттарда жарық үзіледі деп күтілуде

Қызылорда. 16 қазан. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында таңертеңгі және кешкі уақыттарда жарық үзіледі деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мұндай жағдай Өзбекстанның біртұтас энергетикалық қамтамасыздық жүйесінің параллель жұмыс істеуінен шығуына байланысты қалыптасып отыр", -деп мәлімдеді кеше оперативтік штабтың отырысында Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықов. Оның айтуынша, "жарықпен қамтамасыз етудегі шектеулер Қазақстанның оңтүстік өңірін түгел қамтымақшы, бірақ ол, мамандардың айтуынша, бір аптадан артық созылмайды".

"Қазір қуаттылықтарды реттеу мәселелері шешілуде. Бұл қаржылық деуден гөрі техникалық, жүйелік мәселелерге байланысты", - деді Қызылорданың электржелілік таратушы компаниясының бас директоры Жандос Нұрмағамбетов. Оның айтуынша, "Өзбекстан тарихта Орталық Азияның біртұтас энергетикалық жүйесінен бұрын шығып көрген емес. Қыс қыр астына келген сәтте біздің энергетиктер осындай жағдаймен алғаш рет бетпе-бет келіп отыр".

"Қазір Жамбыл ГРЭС-імен қосымша жарық сатып алу жөнінде келіссөздер жүргізілуде", - деп хабарлайды штабтағылар.

Қазірде облыс күндіз 79 МВт, кешке 106 МВт электр жарығын тұтынуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны