26.09.2017, 17:46 5494

Қызылорда облысында "Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік" республикалық акциясы өткізілуде

Қызылорда облысында ағымдағы жылдыӊ қыркүйек айыныӊ 25-27 күндері аралығында облыс көлемінде "Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік" республикалық акциясы өткізілуде.

Қызылорда. 26 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілік" қағидатын қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдыӊ қыркүйек айыныӊ 25-27 күндері аралығында облыс көлемінде "Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік" республикалық акциясы өткізілуде.

Шара мақсаты халық арасында тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілік" қағидатын қалыптастыру, азаматтардыӊ құқықтық танымы мен құқықтық мәдениетін көтеру болып табылады.

Қызылорда қалалық ІІБ баспасөз қызметініӊ хабарлауынша акцияға полиция қызметкерлерімен қатар, құзырлы мемлекеттік органдардыӊ, үкіметтік емес ұйымдардыӊ, "Нұр Отан" партиясыныӊ және қоғамдық құрылымдардыӊ өкілдері қатыстырылуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны