30.05.2017, 18:49 4652

Қызылорда облысында "Теӊдессіз сый" шарасында облыстық кітапханаға кітаптар топтамасы тарту етілді

Қызылорда облысында "Тарихтан тағылым - өткенге тағзым" форумы аясындағы "Теӊдессіз сый" шарасында облыстық кітапханаға кітаптар топтамасы тарту етіліп, "История Казахстана. Документы и материалы (1917-2012)" хрестоматиясыныӊ таныстырылымы өтті.

Қызылорда. 30 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында "Тарихтан тағылым - өткенге тағзым" форумы аясындағы "Теӊдессіз сый" шарасында облыстық кітапханаға кітаптар топтамасы тарту етіліп, "История Казахстана. Документы и материалы (1917-2012)" хрестоматиясыныӊ таныстырылымы өтті.

- Саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай тұӊғыш рет ұйымдастырылып отырған форум аясында акциядан ел алдымен оқырман ұтады. Біз тарту еткен топтамалар арасында еліміздегі 1917 - 2012 жылдар аралығында өткен оқиғалар жайлы "История Казахстана. Документы и материалы (1917-2012)" хрестоматиясыныӊ орны бөлек. Сондай-ақ, кітапханаға табысталған туындылар ішінде Қазақстандағы ұлттар музыкасыныӊ антологиясы да бар,- дейді ҚХА баспасөз хатшысы Қымбат Досжан.

Түстен кейін "Қайырымды ел" акциясы аясында Талсуат ауылындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық шарасы ұйымдастырылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны