29.03.2017, 23:16 4563

Қызылорда облысында ТЖД қызметкерлерініӊ слеті өтті

Қызылорда өрт сөндірушілер гарнизонында жастар мен олардыӊ тәлімгерлері қатысқан облыстық слет өтті. Қазақстан полициясыныӊ 25 жылдығы аясында өткен шарада тәлімгерлік институтыныӊ тиімді тұстары жайлы кеӊінен айтылды. Бүгінде өрт сөндірушілер қатарын 15 жас маман толықтырып отыр, олардыӊ әрқайсысына тәлімгер бекітілген.

Қызылорда. 29 наурыз. Kazakhstan Today - Қызылорда өрт сөндірушілер гарнизонында жастар мен олардыӊ тәлімгерлері қатысқан облыстық слет өтті. Қазақстан полициясыныӊ 25 жылдығы аясында өткен шарада тәлімгерлік институтыныӊ тиімді тұстары жайлы кеӊінен айтылды. Бүгінде өрт сөндірушілер қатарын 15 жас маман толықтырып отыр, олардыӊ әрқайсысына тәлімгер бекітілген.

Слет ашылғанға дейін жас қызметкерлер мен курсанттар ТЖД мұражайын тамашалады. Қиын да, қызықты саланыӊ қалыптасуы мен тарихы жайлы мәлімет алды.

Қызылорда облысы ТЖД бастығыныӊ орынбасары, облыс тәлімгерлерініӊ төрағасы, азаматтық қорғау полковнигі Асқар Төлешев пен "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Алмас Омаров тәлімгерлер мен жастарға жылы лебіздерін білдіріп, оларды тапсырмаларды орындауға жауапкершілікпен қарауға, осындай игі мамандық иесі екендігін мақтаныш етуге шақырды.

Қатысушылар алдында облыстық ТЖД бастығыныӊ кеӊесшісі, облыстық төтенше жағдай саласы ардагерлер кеӊесініӊ төрағасы Тұӊғышбай Ботабаев сөз сөйледі. Ол өз сөзінде құтқарушы мамандығы еӊ қауіпті он мамандықтыӊ біріне жататынын және де құрметті мамандық екенін атап өтті.

Жиында азаматтық қорғау кіші сержанты Нұрәлі Мәжит пен оныӊ тәлімгері, азаматтық қорғау майоры Жандәулет Ондрей республикалық слет делегаттары болып сайланды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны