02.10.2018, 17:52 4746

Қызылорда облысында "Жастар тәжірибесі" бағдарламасы танымал болып келеді

Жастар тәжірибесі жұмыспен қамту орталықтары арқылы елдіӊ барлық өӊірлерінде жүзеге асырылады. Бағдарлама шарттары бойынша жас маман меншік нысанына қарамастан, кез- келген ұйымда тәжірибеден өтуге құқылы.

Қызылорда. 2 қазан. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында "Жастар тәжірибесі" бағдарламасы танымал болып келеді.

Жыл басынан бері жоспар бойынша 1395 адам болғанына қарамастан, жастар тәжірибесіне 2 мыӊнан астам адам жіберілді. 740 адам кәсіпорындар мен ұйымдарда практиканы аяқтады және 125 жас маман бітіргеннен кейін жұмысқа орналасты.

"Барлық жерде тәжірибе талап етіледі, жас маманды көптеген жұмыс берушілер тіпті маӊайларына да жолатпайды", - дейді Жалағаш ауылыныӊ тұрғыны Назым Ибділәкат. - Жастар тәжірибесіне рахмет. Жұмыспен қамту орталығына келгенімде, маған маған ыӊғайлы ұйымдардыӊ тізімін берді.

Қызылорда музыкалық колледжін хореография мамандығы бойынша бітірген қыз мамандығы бойынша жұмыс іздей бастаған. Өкінішке орай, таба алмады. Осылайша Назым Жұмыспен қамту орталығына жүгінуге мәжбүр болған. Ол "Жас қанат" балабақшасында жастар тәжірибесіне жіберілді. Назым қазір алты ай жұмыс істеп үлгерді және тұрақты жұмысқа алынды.

"Жастар үшін бұл - бастапқы тәжірибе жинаудыӊ, ал болашақта - жұмыс табудыӊ жақсы мүмкіндігі, - деп түсіндірді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімініӊ бастығы Жанар Дәулетбаева. - Жастар тәжірибесі жұмыспен қамту орталықтары арқылы елдіӊ барлық өӊірлерінде жүзеге асырылады. Бағдарлама шарттары бойынша жас маман меншік нысанына қарамастан, кез- келген ұйымда тәжірибеден өтуге құқылы. Мемлекет жалақысын толық төлейді. Жұмыс беруші өз қалауы бойынша тәжірибеден өтушіге қосымша ақы төлей алады, оныӊ жұмысыныӊ жағдайы мен міндеттерініӊ көлемін анықтайды. 6 ай бойы тәжірибеден өту керек, одан кейін жұмыс берушініӊ бастамасы бойынша және жастар тәжірибесініӊ қатысушысыныӊ келісімімен тұрақты жұмысқа орналасуға болады".

Мемлекеттіӊ қолдауымен бірге жас мамандардыӊ болашағы олардыӊ ұтқырлығына, адалдығына, табандылығы мен тәуелсіздігіне байланысты. Бір сөзбен айтқанда, тәжірибе аяқталғаннан кейін жаӊа жұмыс орнында тұрақтап қалу үшін өзіӊді жақсы жағынан көрсете білу керек.

Мемлекет басшысы өзініӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласында былай деген:

"Қазіргі таӊда жеке адам ғана емес, тұтас халықтыӊ өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.

Бәсекелік қабілет дегеніміз - ұлттыӊ аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еӊбек ресурстары болуы мүмкін.

Болашақта ұлттыӊ табысты болуы оныӊ табиғи байлығымен емес, адамдарыныӊ бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны