24.01.2019, 18:25 7208

Қызылорда облысында жеке кәсіпкердіӊ жылқы аламын деп алған қаржылық несиесіне мемлекеттік кірістер органдары салық төлемін есептеген

Жеке кәсіпкер аталған мәселені шешіп беру жөнінде бизнес субъектілерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу фронт-офисіне шағымданған.

Қызылорда. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында жеке кәсіпкердіӊ жылқы аламын деп алған қаржылық несиесіне мемлекеттік кірістер органдары салық төлемін есептеген.

Жеке кәсіпкер аталған мәселені шешіп беру жөнінде бизнес субъектілерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу фронт-офисіне шағымданған.

Фронт-офистегі кезекті жеке қабылдауға келген ЖК "Баймбетов""Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау" қорынан 16 бас жылқы сатып алу үшін қаржылық несие алғанын және осы алынған несиеге салық органдары тарапынан салықтық төлем есептелгенін хабарлап, салық органдары әрекетініӊ заӊдылығы туралы көмек көрсетуді сұрайды.

Облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментініӊ басқарма басшысы Бағдат Ізкеновтіӊ айтуынша: "Жеке кәсіпкердіӊ өтініші бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу нәтижесімен кәсіпкердіӊ алған несиесіне салық төлемдерініӊ заӊсыз және негізсіз есептелгені анықталды. Анықталған мән-жай бойынша облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне ұсыныс жолданып, кәсіпкерге қатысты есептелінген салық төлемдері жойылды. Жұмыс барысында өрескел кемшіліктерге жол бергені үшін салық органдарыныӊ қызметкері Н.Айымбетов "Сөгіс" түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылған".

2018 жылдыӊ шілде айынан бастап фронт-офисте облыстық кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп, бизнес субъектілерініӊ өтініштері қаралуда. Өткен жылы фронт-офиске 26 кәсіпкердіӊ өтіштері келіп түсіп, олардыӊ құқықтары мен заӊды мүдделері қалпына келтірілген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны