24.05.2017, 15:49 4182

Қызылорда облысындағы Бәйгеқұм ауылында "Жолда қабылдау" акциясы өтті

Шара барысында қатысушылар арасында полиция қызметкерлерініӊ қызмет атқару барысында азаматтардыӊ құқықтарыныӊ сақталуы туралы сауалнамалар жүргізілді.

Қызылорда. 24 мамыр. Kazakhstan Today - ОІІД Жергілікті полиция қызметкерлері Елбасыныӊ Қазақстан халқына Жолдауындағы жалпы мемлекеттік жүйені қалыптастыру бағытына сәйкес және ішкі істер органдарына деген халықтыӊ сенімін арттыру мақсатында "Нұр Отан" партиясымен бірлесе отырып Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылында "Жолда қабылдау" акциясын өткізді.

Акция шеӊберінде мемлекет саясатын, Қазақстан Республикасы Президентініӊ "Ұлт жоспары - 100 нақты қадам" бағдарламасын түсіндіруге бағытталған іс-шаралар өткізіліп, Жергілікті полиция қызметі, "Нұр Отан" партиясы, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдар басшылары азаматтарды қабылдады.

Акцияға жалпы 200-ге жуық азамат қатысып, қатысушылардан түрлі мазмұндағы сауалдар келіп түсті. Қойылған сұрақтардыӊ барлығына мамандармен жауаптар беріліп, сонымен қатар толыққанды жауаптар берілу үшін тиісті мекемелерге қатынас хаттар жолданды.

Сонымен қатар, акция барысында жол қозғалысы ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізліп, көрнекі үгіт-насихат парақшалары таратылды.

Шара барысында қатысушылар арасында полиция қызметкерлерініӊ қызмет атқару барысында азаматтардыӊ құқықтарыныӊ сақталуы туралы сауалнамалар жүргізілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны