16.06.2017, 11:46 6262

Қызылорда облысындағы Н.Бекежанов атындағы драма театр ұжымы сыбайлас жемқорлықтан аулақ болуға үндейтін қойыламдар қою арқылы күреске атсалыспақ

Мобильді топ мүшелерініӊ ұсынысына орай алдағы маусымда Ж.Ерғалиевтіӊ "Құлпытастыӊ көз жасы", Р.Отарбаевтыӊ "Нашақор жайлы новелла", "Двойник", М.Сәрсекеніӊ "Тендерге түскен келіншек", И.Тауасаровтыӊ "Махаббат аралы" спектакльдері жиі қойылатын болды.

Қызылорда. 16 маусым. Kazakhstan Today - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ мүшелері Н.Бекежанов атындағы драма театрдыӊ қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Жиын барысында театр директоры М.Ибдікәрімов сыбайлас жемқорлықпен қоғам болып күресу қажет екендігін, осы мәселеніӊ алдын алу керектігін тілге тиек етті. Өз кезегінде, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысыныӊ орынбасары Б.Байхожаев жемқорлықтыӊ алдын алу және онымен күресу жолында көптеген арнайы іс-шаралардыӊ өтіп жатқандығын атап өтті.

Сондай-ақ, театрда осы жат әдеттен аулақ болуға үндейтін қойыламдар қоюдыӊ маӊызы жайлы айтылды. Мобильді топ мүшелерініӊ ұсынысына орай алдағы маусымда Ж.Ерғалиевтіӊ "Құлпытастыӊ көз жасы", Р.Отарбаевтыӊ "Нашақор жайлы новелла", "Двойник", М.Сәрсекеніӊ "Тендерге түскен келіншек", И.Тауасаровтыӊ "Махаббат аралы" спектакльдері жиі қойылатын болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны