25.09.2017, 18:38 4571

Қызылорда облысыныӊ әділет департаментінде авторлық құқық тақырыбында дөӊгелек үстел өткізілді

Қызылорда облысыныӊ әділет департаментінде "Авторлық құқық, авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу мәселелері" тақырыбында дөӊгелек үстел өткізілді.

Қызылорда. 25 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ әділет департаментінде "Авторлық құқық, авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу мәселелері" тақырыбында дөӊгелек үстел өткізілді. Бұл туралы департаменттіӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Онда департамент мамандары, "Қазақстан орындаушылардыӊ құқықтарын басқару қоғамы" және "Абырой" авторлар қоғамыныӊ өкілдері, авторлық құқық және сабақтас құқықтарды қорғаудағы өзекті мәселелер, авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу мәселесін талқылады.

Шараны департамент басшысыныӊ орынбасары И.Бәкішева ашып, бөлім басшысы С.Бекхожа, қоғамдық бірлестік өкілі М.Ахметова хабарлама жасады. Қатысушыларға "Авторлық құқығыӊызды тіркеткіӊіз келсе.." тақырыбында дайындалған бейнеролик, слайд материалдары көрсетілді.

Кездесу барысында авторлар Ғ.Дауылбаева, Т.Нағашыбаев, ақын-сазгер М.Күзембаев авторлық қоғамдармен шартқа тұру, сыйақы төлеу мәселелері туралы өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.

Дөӊгелек үстел жұмысына қатысушыларға жадынамалар мен кітаптар таратылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны