09.03.2017, 18:33 4237

Қызылорда облысыныӊ білім басқармасы ұстаз -әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Қызылорда облысыныӊ білім басқармасы мен Қызылорда облысыныӊ білім және ғылым қызметкерлерініӊ кәсіподақ комитетініӊ ұйымдастыруымен дәстүрлі мерекелік салтанатты шара өтті.

Қызылорда. 9 наурыз. Kazakhstan Today - Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Қызылорда облысыныӊ білім басқармасы мен Қызылорда облысыныӊ білім және ғылым қызметкерлерініӊ кәсіподақ комитетініӊ ұйымдастыруымен дәстүрлі мерекелік салтанатты шара өтті.

Салтанатты шараға облыс әкімініӊ орынбасары Руслан Рүстемов қатысып, білім саласында елімізді толайым табыстар мен өркенді өзгерістерге бастайтын өрелі істерге үлес қосқан әйел-аналарға, қыз-келіншектерге арналған өз құттықтауын жеткізді.

"Қазіргі таӊда әйелдердіӊ аймақтыӊ әлеуметтік-экономикалық дамуындағы үлесі өлшеусіз. Исіресе, білім беру саласындағы әйелдер қауымыныӊ еӊбектері ерен",-деді өз құттықтауында облыс әкімініӊ орынбасары.

Дүниені түлеткен көктем мерекесінде облыстық білім басқармасыныӊ басшысы Б. Сайлыбаев ән шырқап берді.

Салтанатты шара бұдан әрі марапаттау рәсіміне ұласып, ұстаз -әйелдер қауымына сый-сыяпаттар жасалды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны