24.04.2017, 15:35 6428

Қызылорда облысыныӊ еӊбек саласындағы бақылау басқармасыныӊ басшысы лауазымына Ертілеу Жалғасбаев тағайындалды

Қызылорда облысы әкімініӊ өкімімен Жалғасбаев Ертілеу Шынтасұлы Қызылорда облысыныӊ еӊбек саласындағы бақылау басқармасыныӊ басшысы лауазымына тағайындалды.

Қызылорда. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы әкімініӊ өкімімен Жалғасбаев Ертілеу Шынтасұлы Қызылорда облысыныӊ еӊбек саласындағы бақылау басқармасыныӊ басшысы лауазымына тағайындалды.

Е.Жалғасбаев 1962 жылы туған. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "заӊгер" мамандығы бойынша бітірген. Еӊбек жолын 1984 жылы "Сельхозтехника" бірлестігініӊ заӊгер-кеӊесшісі ретінде бастаған. 1985-2017 жылдары прокуратура органдарында қызмет атқарды. Арал, Қазалы аудандары мен Байқоӊыр қаласыныӊ прокуроры, облыс прокурорыныӊ орынбасары секілді жауапты басшылық қызметтер атқарған.

2010 жылдан бастап ағымдағы жылдыӊ ақпан айына дейін Қазақстан Республикасыныӊ Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетініӊ Қызылорда облысы бойынша басқармасыныӊ бастығы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны