05.07.2017, 09:08 5118

Қызылорда облысыныӊ Қармақшы ауданында 372 миллион теӊгеге екі ауылда бөбектер үйініӊ құрылысы жүргізілуде

Қызылорда облысыныӊ Қармақшы ауданындағы Иіркөл ауылында 50 орындық "Самал", Төребай би ауылындағы 50 орындық "Ақкөгершін" атты бөбектер үйініӊ жалпы жоба-сметалық құны 372 миллион теӊгені құрайды

Қызылорда. 5 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ Қармақшы ауданындағы Иіркөл ауылында 50 орындық "Самал", Төребай би ауылындағы 50 орындық "Ақкөгершін" атты бөбектер үйініӊ жалпы жоба-сметалық құны 372 миллион теӊгені құрайды.

Құрылыс жұмыстарын "Мега ЛТД" мен "Асар" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері атқаруда. Бүлдіршіндерге арналған бұл бөбекжайлардыӊ құрылысы келесі жылдыӊ мамыр айында аяқталмақ.

Қазіргі таӊда Иіркөл ауылындағы балабақшаныӊ 1-қабаты қаланып, ішкі сылақ жұмыстары жүргізіліп жатыр, Төребай елді мекенінде балабақшаныӊ іргетасы қаланып, кірпішін өруге дайындық жүргізілуде.

Айта кетейік, аудан бойынша 57 мектепке дейінгі ұйым бар болса, олардыӊ 24-і мемлекеттік, 8-і жеке балабақша, 25-і шағын орталық. Бүгінде 31 балабақшада - 3615 бала тәрбиеленуде. Ауданда 3-6 жастағы балалалар мектепке дейінгі тәрбие және оқумен 100 пайызы қамтылып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны