09.06.2017, 18:20 4124

Қызылорда облысыныӊ Қармақшы ауданында балабақша қатары артып келеді

Қызылорда облысыныӊ Қармақшы ауданында бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда әлеуметтік салаға баса мән беріледі. Мысалы, 2015-2017 жылдарға арналған жобада ауданда 560 орындық 7 балабақша салу жоспарланған.

Қызылорда. 9 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ Қармақшы ауданында бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда әлеуметтік салаға баса мән беріледі. Мысалы, 2015-2017 жылдарға арналған жобада ауданда 560 орындық 7 балабақша салу жоспарланған. Олардыӊ екеуі - "Ертөстік" пен "Айгөлек" аудан орталығынан бой көтерді. Иіркөл мен Төребай би ауылдарында 50 орындық балабақша салынып жатыр. Қуаӊдария, III Интернационал және Тұрмағамбет ауылдарында салынатын нысандардыӊ жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан сәтті өтті. Олардыӊ құрылыстары жақын арада басталады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны