08.06.2017, 16:34 3862

Қызылорда облысыныӊ Қазалы ауданында барлығы 840 баланы демалдыру жоспарланған

Қазалы ауданы бойынша мектеп оқушыларыныӊ жазғы демалысын ұйымдастыру жайы туралы хабарлама жасаған аудан әкімініӊ орынбасары Совет Бабанаев биыл "Шағала" балаларды сауықтыру демалыс орталығында 6 ауысым ұйымдастырылып, әр ауысым бойынша 140 баладан, барлығы 840 баланы демалдыру жоспарланғанын жеткізді.

Қызылорда. 8 маусым. Kazakhstan Today - Оқушылардыӊ жазғы тынығу демалысын ұйымдастыру жөнінде құрылған арнайы жұмыс тобы бүгін Қазалы ауданында болды. Жұмыс тобы облыстық мәслихат депутаты, білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы облыстық комитетініӊ төрайымы Р.Байназарова,облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, балалар мен жасөспірімдер нысандарын қадағалау және бақылау бөлімініӊ басшысы А.Шуақбаева, облыстық білім басқармасыныӊ инспекторы А.Молдабайұлы бар.

Мәжіліске облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, мекеме-кәсіпорындар мен дербес бөлім басшылары, мектеп директорлары және бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері қатысты.

Қазалы ауданы бойынша мектеп оқушыларыныӊ жазғы демалысын ұйымдастыру жайы туралы хабарлама жасаған аудан әкімініӊ орынбасары Совет Бабанаев биыл "Шағала" балаларды сауықтыру демалыс орталығында 6 ауысым ұйымдастырылып, әр ауысым бойынша 140 баладан, барлығы 840 баланы демалдыру жоспарланғанын жеткізді. Қазіргі таӊда 1 ауысым бойынша жұмыстар басталып, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыдан шыққан 140 бала қабылданып, демалуда. Тіл үйірер тәтті дәрумендермен толықтырылған 5 мезгіл ас мәзірі балалар көӊілінен шығады. Демалысты көӊілді, қызықты, мағыналы өткізуде лагерьдегі тәрбиешілердіӊ жан-жақты ұйымдастырған саяхаты балаларға ерекше әсер қалдыруда. Мұнда ана тілінен өзге орыс, ағылшын тілдерін үйренуге де мүмкіндік бар. Балалардыӊ денсаулығын қадағалау үшін арнайы дәрігер және стоматолог жұмыс істейді.

Сонымен қатар аудан бойынша 36 мектеп жанынан ұйымдастырылған күндізгі тынығу лагерлерінде 2472 баланы демалдыру 1 маусымға басталып кетті. Бұл балалардыӊ лагерде болған уақытында ыстық тамақпен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 6 млн 567 мыӊ теӊге бөлінді.

Жергілікті серіктестіктер, шаруашылық құрылымдары басшыларына өз қызметкерлері балаларын мекеме есебінен түрлі демалыс орындарында демалдыру тапсырылды. Атап айтар болсақ, "РЗА" АҚ демеушілігімен "Шағала", "Қамбаш" лагерлерінде 50 бала, "Сыр маржаны" ЖШС демеушілігімен "Шағала", "Қамбаш" лагерлерінде 40 бала, СПК "Қызылорда балық" ЖШС демеушілігімен "Шағала" лагерінде 50 бала демалатын болады.

"Жасыл ел" бағдарламасы аясында арнаулы оқу орындарыныӊ студенттері және жоғары сынып оқушылары үшін "Жасыл ел" жасағы жұмыс жасайды. Оған жаз бойы 100 бала қамтылып, олардыӊ орташа айлық жалақысы 45 мыӊ теӊге көлемінде болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны