05.05.2017, 17:51 7681

Қызылорда облысыныӊ мемлекеттік архивінде "Жеӊіс-қаһармандар рухы" атты тақырыптық көрме өтті

Жеӊіс күні қарсаӊында Қызылорда облысыныӊ қоғамдық-саяси тарихы мемлекеттік архивінде "Жеӊіс-қаһармандар рухы" атты тақырыптық көрме дайындалды.

Қызылорда. 5 мамыр. Kazakhstan Today - Жеӊіс күні қарсаӊында Қызылорда облысыныӊ қоғамдық-саяси тарихы мемлекеттік архивінде "Жеӊіс-қаһармандар рухы" атты тақырыптық көрме дайындалды.

"Ешкім де, ештеӊе де ұмытылмайды" деген қағиданы ұстанған шараға қатысқан Қызылорда медициналық колледжі мен Қазақ гуманитарлық заӊ және техникалық колледжі студенттері, ұстаздары бізге бейбіт күн сыйлаған алдыӊғы буын ерлігіне қанық болды.

Көрмеге 1941-1945 жылғы құжаттар, "Реммашпуть" металл зауытыныӊ Жосалы станциясына көшірілуі жайлы деректер, облысқа эвакуацияланған "Эмальштамп" кәсіпорнын орналастыру, олардыӊ жұмысы жайлы мәліметтер қойылды.

Сондай-ақ студенттер ,№3979 эвакогоспиталініӊ жұмысы жайлы мәліметтермен, ФЗО мектебіне жастарды оқуға шақыру туралы қаулысымен танысты. Жауынгерлердіӊ майдан даласынан жіберген ұшбұрышты хаттары, Украин мемлекеттік "Артем" театрыныӊ жұмысы туралы қаулы, 9 Мамыр - Жеӊіс күнін жариялау туралы КСРО Жоғарғы Кеӊесі Президиумыныӊ Жарлығы бір сәт кешегі күнніӊ бейнесін елестеткендей болды.

Ардагерлер жайлы қор коллекциясында И.Илжанов, И.Байшуақов, Ж.Байхожаев, Т.Жұмабаев, А.Кореченко, Б.Құлманов, Ғ.Мұхамеджанов, С.Сейтовтіӊ өмірбаяндық деректері, жеке басын куәландыратын құжаттары, орден-медальдарыныӊ куәліктері, суреттері қойылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны