26.05.2017, 15:26 5222

Қызылорда облысыныӊ Назарбаев Зияткерлік мектебінде "Инновациялық мектептіӊ үздік кітапханашысы" байқауы өткізілді

Қызылорда облысыныӊ әкімдігі мен "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ-мы арасында жасалған 2017-2018 жылдары Кызылорда облысы білім беру ұйымдарына тәжірибені тарату жоспарына сәйкес Қызылорда қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде алғаш рет "Инновациялық мектептіӊ үздік кітапханашысы" байқауы өткізілді.

Қызылорда. 26 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ әкімдігі мен "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ-мы арасында жасалған 2017-2018 жылдары Кызылорда облысы білім беру ұйымдарына тәжірибені тарату жоспарына сәйкес Қызылорда қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде алғаш рет "Инновациялық мектептіӊ үздік кітапханашысы" байқауы өткізілді.

"Жаӊартылған білім мазмұнына сәйкес педагогтар мен кітапхана қызметкерлері үздіксіз серіктестік қарым-қатынаста болуы қажет. Бүгінгі іс-шарада инновациялық мектептердіӊ кітапханашылары өз біліктіліктерін көрсетіп, заманауи кітапханашы қандай болу керектігі, оқушыларды кітап оқуға баулу бағытында заманауи әдіс-тәсілдерімен бөлісті, - дейді Қызылорда қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорыныӊ орынбасары Дариха Мұнарбаева.

Аталмыш байқауға Қызылорда, Арал, Жалағаш, Қазалы аудандарыныӊ пилоттық және инновациалық мектептерінен 11 кітапханашы қатысуға ниет білдірді.

Байқау шарттары бойынша қатысушылар төрт тапсырмада бақ сынасты. Бірінші кезеӊде қатысушылар "Оқушылармен әӊгіме", "Мұғалімдермен әӊгіме" тақырыптары бойынша бейнефильмдер көрсетті. Екінші кезеӊде кітапхана қызметкерлері өзекті мәселелер бойынша түрлі ситуациялық жағдаяттарды шешу арқылы шешендік өнерлерін паш етті. Үшінші кезеӊде қатысушылар оқушылар арасында кітап оқуға деген қызығушылығын арттыратын ашық іс-шаралар өткізді. Соӊғы кезеӊде қатысушылардыӊ портфолиолары, әдістемелік нұсқаулықтар, кәсібилігін дәлелдейтін түрлі құжаттарын арнайы көрмеге қойды.

"Бүгін біз бір бірімізден тәжірибе алмастық, бөліскен тыӊ идеяларды алдағы уақытта өз тәжірибемізде пайдаланатын боламыз. Жалпы біздіӊ - кітапханашылардыӊ мақсаты балаларды өз еркімен кітапхана келіп, кітап оқуға тарту болып отыр. Осы орайда кітапханашылар бүгінде жан-жақты дамып, ізденімпаздықпен жұмыс жасап жатыр. Оқитын қоғам ғана бәсекеге қабілетті ел бола алады", - дейді Жалағаш кентінен келген қатысушы Феруза Досанова.

Сайыс қорытындысы бойынша, 3 орынға Арал қаласыныӊ №262 мектеп-гимназиясыныӊ кітапханашысы Айнұр Отаралиева және қаладағы №5 мектеп-лицейініӊ кітапханашысы Алтын Қойшыбаева лайықты деп танылды. Ал облыстағы №212 мектеп-гимназиясыныӊ кітапхана меӊгерушісі Гулзифа Тлепбергенова жүлделі екінші орынды иеленді. Жалағаштан келген қатысушы Феруза Досанова 1-ші орынға тұрақтаса, теориялық біліктілігі және кәсіби практикасыныӊ үздік жұмыстарымен ерекшеленген Сәуле Ибішева байқаудыӊ бас жүлдесін жеӊіп алды.

Барлық жеӊімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады. Алдағы уақытта мұндай шаралар дәстүрлі түрде өткізілетін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны