10.10.2018, 23:29 3743

Қызылорда облысыныӊ оқушылары "Меніӊ Қасиетті Қазақстаным!" атты эссе байқауына қатысуда

Ruh.kz ақпарат порталы ҚР Білім және ғылым министрлігініӊ балалар құқығын қорғау комитетініӊ арнайы қолдауымен "Меніӊ Қасиетті Қазақстаным!" атты эссе жанры бойынша шығармашылық конкурс жариялады.

Қызылорда. 10 қазан. Kazakhstan Today - Ruh.kz ақпарат порталы ҚР Білім және ғылым министрлігініӊ балалар құқығын қорғау комитетініӊ арнайы қолдауымен "Меніӊ Қасиетті Қазақстаным!" атты эссе жанры бойынша шығармашылық конкурс жариялады.

Қызылорда облысыныӊ оқушылары оған белсене қатысуда. Қазіргі жағдаймен 500-ден аса жұмыс қабылданды, деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

Конкурстыӊ негізгі мақсаты - "Рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласыныӊ аясында еліміздіӊ түкпір-түкпіріндегі қасиетті жерлерін аралаған оқушылардыӊ өз әсерімен кеӊінен бөлісуіне мүмкіндік беру.

Байқау 1-қыркүйектен 20-қазан аралығында жүргізіледі.

"Меніӊ Қасиетті Қазақстаным!" атты республикалық шығармашылық байқауыныӊ ережелері

1. Жалпы ереже

1.1. Бұл ережелерде байқаудыӊ мақсаты, өзіне артқан жауапкершілігі, ұйымдастырылыу деӊгейі мен шарттары айтылады. Сондай-ақ, қатысушыларға қандай талап қойылатыны да толыққанды тарқатылады.

1.2. ҚР БҒМ балалар құқығын қорғау комитетініӊ қолдауымен өткізілгелі отырған конкурстыӊ негізгі ұйымдастырушысы - Ruh.kz ақпараттық порталы.

2. Байқаудыӊ мақсаты мен талаптары

2.1. Еліміздіӊ жас буыныныӊ шығармашылық қабілетін ұштау, отбасы дәрежесін көтеру, ұстаздардыӊ деӊгейін арттыру, "Рухани жаӊғыру" кезеӊінде жастардыӊ белсенділігін, бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

2.2. Шығармашылыққа бейім жастардыӊ бағын ашып, жас жазбалардыӊ ел назарына ұсынылуына қолдау білдіру және жас буын арасында шығармашылық бәсекелестік тудыру.

3. Байқау қатысушылары

3.1. "Меніӊ қасиетті Қазақстаным!" атты эссе байқауына жаз айларында өткізілген "Меніӊ Қасиетті Қазақстаным!" атты республикалық өлкетану акциясына қатысқан мектеп оқушылары және ұстаздар қатыса алады.

4. Байқау уақыты

4.1. Байқау 2018 жылдыӊ 1-қыркүйектен 20-қазанға дейін жалғасады.

4.2. 2018 жылдыӊ 20-қазаны күні сағат 18:00-ден кейін келіп түскен шығармашылық жұмыстар қабылданбайды.

5. Шығармашылық жұмыстарға талап

5.1. Өлкетану акциясынан алған әсерлерін шынайы бөліскен мазмұндағы әтіндер болуы тиіс.

5.2. Мәтін еліміздіӊ қасиетті жерлерініӊ керметі туралы, оқушылардыӊ оларға жасаған саяхаты барысында алынған әсер туралы болмақ керек.

5.3. Эссемен қоса автор түсірген қасиетті жерлердіӊ 1-2 фотосы және автордыӊ кез-келген форматтағы өз суреті талап етіледі.

6. Жұмыстыӊ безендірілу талаптары

6.1. Жұмыс Word беттерінде жазылып, Times New Roman 14 қарпімен жазылып, біркелкі интервалға түсірілуі тиіс. Мәтін бетке түсірілгеннен кейін сол жағынан 3 см, оӊ жағынан, жоғарыдан, төменнен 15 см-дан қалдырылуы қажет. Сондай-ақ, мәтін 2 беттен аспау керек.

6.2. Жұмыстар келесі талаптарға сай болуы тиіс:

- мәтін мазмұны байқау шарттарына сәйкес болуы;

- бейнелеу мәнері;

- жұмыстыӊ шынайылығы және көркемдік мәнері;

- автордыӊ қырағылығы;

- қызық идеялар мен жарқынбейнелердіӊ болуы;

- автордыӊ сауаттылығы;

- безендіру шеберлігі;

- тек қана талаптарға сәйкес жұмыстар қабылданады;

- байқауға жіберілген материалдар бұрын-соӊды еш жерде жарияланбаған болуы тиіс;

- бөгде материалдар мен ғаламтордан алынған мәтіндерді қолдануға тыйым салынады;

- фотолар JPG, JPEG форматында, көлемі 640-720 мм-дан үлкен болмауы тиіс.

7. Байқау жеӊімпаздарын марапаттау

7.1. Барлық қатысушылар Ruh.kz порталынан және Білім және ғылым министрлігінен арнайы сертификаттар алады.

7.2. Байқау жеӊімпазына сыйлықтар мен аты жазылған дипломдар, алғыс хаттар немесе қатысқаны үшін алғыс білдіретін хаттар пошта арқылы жіберіледі.

7.3. Үздік шығармалар Ruh.kz порталына жарияланады.

7.4. Жеӊімпаздар төмендегідей құнды сыйлықтармен марапатталады:

1-орын: Ноутбук Lenovo IdeaPad 120s

2-орын: Смартфон Xiaomi Redmi Note 5 4/64 Gb

3-орын: Смарт-часы Xiaomi Amazfit Pace

Бұдан бөлек, барлық қатысушылардыӊ байқауды қолдаған жұлдызды тұлғалармен фото-видеоға түсуге, қолтаӊба алуға мүмкіндігі бар.

8. Байқауға қатысу шарттары

8.1. Байқауға қатысу үшін арнайы ұсынысты толтыру қажет.

8.2. Жұмыстыӊ мазмұны арнайы талаптарға сай болуы тиіс.

8.3. Жұмысты безендіру бірыӊғайландырылған байқау шарттарына сәйкес болуы тиіс.

8.4. Байқау жұмыстары электронды түрде шарттарда көрсетілген талаптарға сәйкес файлда, авторы көрсетілген болуы қажет.

8.5. Байқау жұмысымен қатар жіберілген фото\видео материалдардыӊ сапасы жақсы болуы қадағаланылуы тиіс.

8.6. Конкурсқа қатысу үшін арнайы ұсынысты межеленген уақыт аралығында өткізілуі қажет.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны