26.04.2007, 18:09 4691

Қызылорда облысының прокуратурасы балалардың жаппай улану дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғады

ҚЫЗЫЛОРДА. 26 - сәуір. Kazakhstan Today. Қызылорда облысының прокуратурасы балалардың жаппай улану дерегіне қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 267-бабы бойынша (Санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу) қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің қатысуымен өткен шұғыл кеңесте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қауіптің беті қайтты, біз дәрігерлеріміздің күшімен осындай қиын жағдайдан шыға білдік. Қазір жансақтау бөлімшесінде төрт жасөспірім ғана жатыр. Енді анализ жасап, кінәлілерді туып, жазалау қажет",- деді әкім.

Денсаулық сақтау, білім беру және құқық қорғау органдарының қатысуымен өткен отырыста жаппай уланудың себебін тергеу үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссияға облыс әкімінің орынбасары Бейбіт Жүсіпов жетекшілік етеді.

Ішкі саясат департаментінің хабарлауынша, қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар департаментінің жедел тобы мен санитарлық дәрігерлер "Ақнұр" ЖШС облыс орталығының мектеп-интернаттар мен емдеу орындарынан жіберген сүт өнімдерін тәркілеуде. Сонымен қатар, облыс басшылары тұрғындарға жергілікті бұқаралық ақпарат құраладары арқылы сүт өнімдерін пайдалануды шектей тұруды өтінді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен түнде Қызылорданың ауруханаларына мектеп-интернаттар мен емдеу орындарынан астан уланған 168 бала жеткізілген. Арнайы комиссияның алдын-ала жасаған болжамы бойынша, балалардың жергілікті "Ақнұр" ЖШС дайындаған сүт өнімдерін ішкеннен кейін улануы мүмкін деп.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны