10.05.2017, 15:52 3984

Қызылорда облысыныӊ прокуроры ардагерлерді құттықтады

Қызылорда облысыныӊ прокуроры Халидулла Дәуешов Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 72 жылдығына байланысты ардагерлерді құттықтады.

Қызылорда. 10 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ прокуроры Халидулла Дәуешов Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 72 жылдығына байланысты ардагерлерді құттықтады.

Отан соғысыныӊ отты жолынан өткен майдангердіӊ бірі Бөрібай Құлманов ақсақал. Мәскеу түбіндегі Калинин майданында қан төккен сарбаз туған топырағына жау зеӊбірегініӊ үнін біржола өшіріп оралды.

Биыл қарт майдангер 97 жасты толтырып отыр. Соғыстан кейін елге бас болып, ауылшаруашылығы саласында еӊбек етті, партиялық қызметтер атқарды.

"Жеӊіс" деген жалғыз ауыз сөзді естігенде жыламаған жан қалмады", И деп еске алады ардагер..

Ал Любовь Колесник медициналық техникумды бітіре салысымен майданға шақырту алыпты. Жас медбике Г. Жуков басқарған Беларус майданындағы дала госпиталінде талай жанды ажалдан аман алып қалды. Соғыстан кейін 40 жыл ауруханада еӊбек етті. Бүгінде немере мен шөбере қызығын көріп отырған әжей соғыс деген сұрапылдыӊ қайталанбауын тілейді.

Кездесуде ардагерлер кешегі күннен естелік айтып, өздеріне көрсетіліп отырған құрметке ризашылықтарын білдірді. Облыс прокуроры ардагерлерге сала қызметкерлері атынан сый тапсырып, туған жерін жау тырнағынан қорғап қалған қаһармандарға ізгі тілегін жеткізді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны