01.02.2010, 13:27 3391

Қызылорда облысының төрт ауданы электр қуатын шектеу аймағына кіріп қалу мүмкіндігі бар

Қызылорда облысының төрт ауданы электр қуатын шектеу аймағына кіріп қалу мүмкіндігі бар

Қызылорда. 1 ақпан. Kazakhstan Today - Қызылорда облысының төрт ауданы, атап айтсақ, Қазалы, Жалағаш, Қармақшы және Сырдария аудандары электрмен қамтамасыз етуші компаниялардың берешегіне байланысты электр қуатын шектеу аймағына кіріп қалу мүмкіндігі бар, деп хабарлайды Kazakhstan Today "ҚРЭК" АҚ басшылығына сілтеме жасап.

"Борышкерлер арасында "Мөлдір-энерго" ЖШС, "Гарант-2" бар. Ең көп берешек, 300 млн теңге, "Қызылорда жарық сервис" компаниясына тиесілі, ол Жалағаш, Қармақшы аудандарына жарық береді. Қарыздың жалпы көлемі - 375 млн теңге. Энергияны сатушы компаниялардың төлемдерді дер кезінде жасамауы акционерлік қоғамның жұмысында кедергілер тудыруда", - дейді АҚ бөлім бастығы Айдарбек Байкомбаев.

ҚРЭК мәліметінше, қазір облыс 120 МВт электр қуатын тұтынады, оның 50 МВт қуатын ЖЭС өндірсе, 70 МВт қуат сырттан сатып алынады. ҚРЭК осыған байланысты қарыздар -ұйымдары бар аудандарда электр қуатын шектеу шарасына баруға мәжбүр екенін мәлімдеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны