23.02.2017, 19:00 7279

Қызылорда облысыныӊ Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізді

Қызылорда облысыныӊ Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері "Елді мекендер мен аумақты Сырдария өзенінде сеӊ жүру кезеӊі мен су алу қаупі туындағанда басқару органдарыныӊ, апаттан құтқару қызметтерініӊ күштері мен құралдарыныӊ іс-қимылы" тақырыбында командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізді

Қызылорда. 23 ақпан. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері "Елді мекендер мен аумақты Сырдария өзенінде сеӊ жүру кезеӊі мен су алу қаупі туындағанда басқару органдарыныӊ, апаттан құтқару қызметтерініӊ күштері мен құралдарыныӊ іс-қимылы" тақырыбында командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізді,- деп хабарлайды облыс әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

Оған қала, аудан әкімдерініӊ орынбасарлары, кент, ауылдық округ әкімдері және азаматтық қорғау қызметтері басшылары қатыстырылды.

Жаттығу барысында Сырдария өзені бойындағы қауіпті учаскелердегі елдімекендер тұрғындарына Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментініӊ қызметкерлері су тасқыны кезіндегі іс-әрекет қағидалары жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Су тасқыны кезінде болуы мүмкін төтенше жағдайларды жоюға арналған апаттан құтқару қызметтерініӊ күш-құралдарына саптық қарау өткізілді. Оған облыс бойынша осы оқу-жаттығу барысында 1302 адам мен 390 техника қатыстырылды.

Оқу - жаттығу нәтижесінде қала, аудандар әкімдіктерініӊ басшылығына оқу-жаттығуды дайындау және өткізу бойынша әдістемелік көмек көрсетіліп, су тасқыны мезгіліндегі дайындықты ұдайы арттыру жөнінде ұсыныстар берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны