08.06.2017, 16:35 3359

Қызылорда облысыныӊ түзеу мекемелерінде "Колониядағыларды жұмыспен қамту-2017" жобасы іске асырылуда

Осыныӊ негізгі іс-шараларыныӊ бірі бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмысқа және тұрмыстық орналастыруды қолдайтын "Қақпа алдында кездесу" әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда.

Қызылорда. 8 маусым. Kazakhstan Today - Елбасыныӊ "100 нақты қадам" Ұлт жоспары негізінде жаза мерзімін өтеуші сотталған азаматтар орта, кәсіптік-техникалық білім және де ақылы еӊбекпен қамтылуда. Осы орайда, "Колониядағыларды жұмыспен қамту-2017" жобасын іске асыру мақсатында Қызылорда облысыныӊ түзеу мекемесінде 518 жазасын өтеуші азаматтардыӊ 79 пайызы ақылы еӊбекпен қамтамасыз етілді. ЗК-169/5 мекемесінде жаӊадан кірпіш күйдіру зауыты ашылды. Құрылыс материалдарын шығаратын цехқа 31 адам жұмысқа орналастырылды. Түзеу мекемесінде кәсіпкерлерді көптеп тарту нәтижесінде жұмыспен қамтылғандар саны күн санап артып келеді. Қазіргі таӊда 9 жеке кәсіпкерлер жұмыс жасайды. Атап айтқанда тігін, мүсін жасау, темір бұйымдарын дәнекерлеу және ірі көлемді кесек құятын өндірістік құрылымдар жұмыс жасайды. Мұнда қатаӊ күзетілетін аймақта орналасқан ғимараттар тегін беріледі және арзан жұмыс күші жеткілікті. Сондықтан түзеу мекемесінде өндірістік нысан ашу кәсіпкерлер үшін тиімді. Жазасын өтеушілер өз жалақысы есебінен мемлекетке немесе жеке тұлғалар алдындағы қарызын қайтарады. Ал бұл жағдайда олардыӊ жазасы жеӊіл түрге ауыстырылып, бостандыққа шығу мерзімі жақындай түседі.

Қазақстан Республикасы Президентініӊ "Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарында босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оӊалтудыӊ 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын бекіту туралы" 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 387 Жарлығын қолдануды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ қаулысымен (2016 жылғы 29 желтоқсан № 912) Кешенді стратегияны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген.

Осыныӊ негізгі іс-шараларыныӊ бірі бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмысқа және тұрмыстық орналастыруды қолдайтын "Қақпа алдында кездесу" әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда.

"Қақпа алдында кездесу" жобасы аясында жаза мерзімініӊ аяқталуына байланысты сотталғандардыӊ денсаулық жағдайы, білім деӊгейі, жұмыспен қамтылуын, тұрғылықты жерініӊ болуы, сондай-ақ оған көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық көмектіӊ көлемін анықтау үшін қажетті мәліметтер, жеке тұлғасын зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны