07.06.2017, 16:10 3759

Қызылорда облысыныӊ Жаӊақорған ауданында жазғы демалыс шараларына 95,5 пайыз балалар мен жасөспірімдер қамтылады

"Тау самалы" тынығу лагеріне - 400 бала, "Облыстық білім басқармасы Олимпиадалар орталығына" - 200 бала, Астана қаласына "ЭКСПО-2017" Халықаралық көрмесіне саяхатқа - 500 бала. Жиынтық есепте бюджет есебінен 1100 баланыӊ жазғы демалыс және сауықтыру шаралары ұйымдастырылады, - деді Мира Жандарбекова.

Қызылорда. 7 маусым. Kazakhstan Today - Мамыражай маусым айымен бірге оқушылардыӊ асыға күткен жазғы демалысы да келіп жетті.

Аудан жеткіншектері жазғы тынығуын қайда, қалай өткізеді деген сауалдыӊ жауабын Жаӊақорған аудандық білім бөлімініӊ бас инспекторы Мира Жандарбекова береді.

Бас инспектор аудан бойынша білім беру ұйымдарындағы оқушылардыӊ 2017 жылға жазғы демалысын ұйымдастыру жөніндегі жоспарымен бөлісті. Оныӊ айтуынша, жазғы демалыс шараларына қатысуға тиісті балалар мен жасөспірімдер саны - 15200. Оныӊ ішінде, 14510 оқушысы сауықтыру және демалыс шараларымен қамтылады деп жоспарланған, яғни 95,5 пайыз.

- Ауданда білім беру ұйымдарында балалардыӊ 2017 жазғы демалыс сауықтыру шараларын ұйымдастыруға байланысты мектеп жанындағы күндізгі лагерьлер және "Тау самалы" тынығу лагеріндегі жазғы демалыс шаралары 1 маусымнан басталды. "Тау самалы" 7 ауысымда, мектеп жанындағы сауықтыру шаралары 2 ауысымда жұмыс жасайды. Аймақ басшысыныӊ өкімімен бекітілген жоспарға сай, аудандық білім бөлімі арқылы міндетті оқу қоры есебінен балалардыӊ жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша мынадай шаралар жүргізіледі. "Тау самалы" тынығу лагеріне - 400 бала, "Облыстық білім басқармасы Олимпиадалар орталығына" - 200 бала, Астана қаласына "ЭКСПО-2017" Халықаралық көрмесіне саяхатқа - 500 бала. Жиынтық есепте бюджет есебінен 1100 баланыӊ жазғы демалыс және сауықтыру шаралары ұйымдастырылады, - деді Мира Жандарбекова.

Сондай-ақ ол "Тау самалы" жазғы тынығу лагерініӊ мүмкіндіктеріне тоқталды. Бүгінгі таӊда аталмыш тынығу лагерін жаӊа маусымға қабылдауға байланысты аудандық денсаулық қорғау басқармасымен қорытынды рұқсат қағазы алынған. 2017 жылғы жазғы маусымда ауысым ұзақтығы 10 күн, сыйымдылығы 150 баладан маусым бойы 7 лекпен барлығы 1050 бала демалады. Жолдама құны 15000 теӊге.

Оған қоса, бас инспектордан 2017 жылдыӊ жазғы маусымында ауданда балалардыӊ жазғы демалысын яғни, сыртқы лагерь, мектеп жанындағы сауықтыру шаралары, үйірме, спорт комплексіне қатысатындар санын білдік.

- Негізінен жоғарыда атап көрсеткендей, бюджет есебінен - 11 00 бала. "Қызылқұм", "Байкен-У" ЖШС қолдауымен - 100 бала Алматы, Оӊтүстік Қазақстан облыстары лагерлеріне. Кәсіподақ жеӊілдігімен- 262 бала, оныӊ ішінде "Тау самалы" тынығу лагеріне-100, "Облыстық білім басқармасы Олимпиадалар орталығына" - 50, Арал қаласындағы Қамбаш тынығу лагеріне - 15, облыстан өзге жерлерге демалатын балалар - 97. Сонымен қатар, ата-ана қолдауымен, демеушілердіӊ көмегімен және мектеп басшыларыныӊ ұйымдастыруымен - 13050 бала тынығудыӊ түрлі бағыттары бойынша демалады. Жалпы, түйіндей айтқанда, барлық жазғы демалыс, сауықтыру тағы басқа шаралармен қамтылатын балалар саны - 14510. Оныӊ ішінде, лагерь және саяхат жасындағы бала саны - 12000, биылғы жазда сыртқа лагерьлерге демалатын бала саны - 2300, бұл 95,5 пайызын құрайды, - деді аудандық білім бөлімініӊ бас инспекторы.

Иә, ел ертеӊі әр үйдіӊ үкілеген үміті оқушылардыӊ жақсы демалуына ата-аналар қауымы да аянып қалмасы анық. Не десекте, жас жеткіншектер бос уақыттарын тиімді пайдаланып, жаӊа оқу жылына жарқын көӊіл күймен келгені абзал.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны