16.04.2017, 12:09 5406

Қызылорда облыстық идеологиялық актив отырысы өткізілді

Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н. Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласын өӊір тұрғындарына түсіндіру мақсатында 2017 жылғы 14 сәуірде Қызылорда облыстық идеологиялық актив отырысы өткізілді,- деп хабарлайды Облыстық ішкі саясат басқармасы.

Қызылорда. 15 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н. Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласын өӊір тұрғындарына түсіндіру мақсатында 2017 жылғы 14 сәуірде Қызылорда облыстық идеологиялық актив отырысы өткізілді,- деп хабарлайды Облыстық ішкі саясат басқармасы.

Актив жиыны облыс әкімініӊ міндетін атқарушы Қ. Ысқақовтыӊ төрағалығымен және ҚР Президенті Икімшілігініӊ мемлекеттік инспекторы Н. Тілешовтыӊ қатысуымен өтті. Жиын барысында сөз алған ҚР Журналистер одағыныӊ мүшесі Ш. Ибдікәрімов, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дыӊ Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасыныӊ меӊгерушісі Н. Мыӊжасов, Қызылорда облысы білім басқармасы басшысыныӊ орынбасары Б. Бердаулетов, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дыӊ қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасыныӊ қауымдастырылған профессоры А. Абасилов, "Қоғамдық келісім" орталығыныӊ басшысы У. Ибраев Елбасы мақаласыныӊ маӊызы мен Қазақстанныӊ ғылым-білім, тарих, әдебиет, әлеуметтік және тағы да басқа салалардыӊ дамуына оӊ ықпалы туралы баяндады.

Сондай-ақ, отырыс барысында мақалада көрсетілген "Ұлттық сана", "Туған жер" бағдарламасы, "Қазақ тіліндегі 100 жаӊа оқулық", "Мәдени-географиялық белдеу", "100 жаӊа есім" және өзге де мәселелер кеӊ көлемде талқыланып, қатысушылар тарапынан қолдауға ие болды.

Айта кететіні, жиынға Қызылорда қаласы мен аудан активтерініӊ мүшелері, аумақтық және жергілікті департамент, басқарма басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалыныӊ қызметкерлері мен белсенді мүшелері, жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарыныӊ басшылары мен орынбасарлары, БАҚ, ҮЕҰ және саяси партия өкілдері, этномәдени бірлестік жетекшілері, "Қоғамдық келісім" орталығы қызметкерлері мен бірқатар жастар ұйымдары қатысты.

Жиын қорытындысы бойынша Елбасы мақаласын облыс тұрғындарына түсіндіру бойынша жауапты органдарға бірқатар тапсырмалар берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны