16.06.2017, 11:42 5291

Қызылорда облыстық жастар "Саябақтар шеруі" экологиялық акциясын өткізді

Туған топырағыӊды көркейту мен көгалдандырудыӊ маӊызын ұқтырған "Жасыл ел" жастар еӊбек жасақтарыныӊ сарбаздары аллеялар маӊын тазартып, экологиялық акцияныӊ эстафетасын Сырдария, Шиелі, Жаӊақорған аудандық "Жасыл ел" сарбаздарына жолдады.

Қызылорда. 16 маусым. Kazakhstan Today - Елбасы бастамасымен құрылған студент жастар сарбаздары мемлекеттік "Жасыл ел" бағдарламасын жүзеге асырудағы негізгі буын саналады. Құрылғалы бері жүз мыӊдаған жас "Жасыл ел" сарбазы атанып, 44 млн. көшет тігіпті. Талай игілікті істіӊ ұйытқысына айналған отряд сарбаздары жуырда тағы бір өнегелі бастама көтерді.

Қызылорда облысыныӊ жастар саясаты мәселелері басқармасыныӊ қолдауына сүйенген аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ Арал ауданындағы Төлеген Медетбаев атындағы жастар аллеясында, Қазалыдағы Ж. Баһадүр атындағы саябақта , Қармақшы ауданындағы Ардагерлер аллеясында, Жалағаш ауданыныӊ орталық алаӊында "Саябақтар шеруі" экологиялық акциясын өткізді.

Туған топырағыӊды көркейту мен көгалдандырудыӊ маӊызын ұқтырған "Жасыл ел" жастар еӊбек жасақтарыныӊ сарбаздары аллеялар маӊын тазартып, экологиялық акцияныӊ эстафетасын Сырдария, Шиелі, Жаӊақорған аудандық "Жасыл ел" сарбаздарына жолдады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны