02.05.2017, 12:50 4756

Қызылорда ОІІД Консультативтік кеӊес отырысында полиция қызметкерлерініӊ қызметтік этика нормаларын сақтау мәселесі қаралды

Елбасымыз Н.И.Назарбаев Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында ел алдында тұрған межелерді айқындап, дамуға, ілгерілеуге жол ашатын нақты міндеттер жүктейтін "Ұлт Жоспары - "100 нақты қадамды" ұсынған болатын. Осы ресми құжаттыӊ 31-қадамында "Этикалық нормаларды бұзуға жол беретін полицейлердіӊ іс-әрекеттеріне шағымданған азаматтардыӊ арызын қарау жөніндегі қоғамдық кеӊес жүйесін құру арқылы полицияныӊ ашықтығын қамтамасыз ету" мәселесі көтерілген болатын.

Қызылорда. 2 мамыр. Kazakhstan Today - Елбасымыз Н.И.Назарбаев Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында ел алдында тұрған межелерді айқындап, дамуға, ілгерілеуге жол ашатын нақты міндеттер жүктейтін "Ұлт Жоспары - "100 нақты қадамды" ұсынған болатын. Осы ресми құжаттыӊ 31-қадамында "Этикалық нормаларды бұзуға жол беретін полицейлердіӊ іс-әрекеттеріне шағымданған азаматтардыӊ арызын қарау жөніндегі қоғамдық кеӊес жүйесін құру арқылы полицияныӊ ашықтығын қамтамасыз ету" мәселесі көтерілген болатын.

Осыған сәйкес, 2017 жылдыӊ 28 сәуірінде "Азаматтар және полиция: өзара сенімге негізделген қарым-қатынас" тақырыбында Қызылорда ОІІД Консультативтік кеӊестіӊ отырысы болып өтті.

Кеӊес отырысына Қызылорда ОІІД бастығы полиция полковнигі Қайрат Мұхитов, Консультативтік кеӊестіӊ төрағасы Нұрмұрат Ерманов, қоғамдық кеӊес мүшелері мен департаменттіӊ барлық қызмет салаларыныӊ бастықтары қатысты.

Кеӊесті Консультативтік кеӊестіӊ төрағасы Н.Ерманов ашып, кеӊестіӊ бағдарламасымен және күн тәртібінде тұрған мәселелермен таныстырып өтті.

Кеӊес отырысында күн тәртібіне сай Өзіндік қауіпсіздік басқармасыныӊ бастығы полиция майоры С.Арынов сөз алып, "Идеп нормаларын бұзған полиция қызметкерлерініӊ іс-әрекеттеріне шағымданған жеке және заӊды тұлғалардыӊ арыздану деректері бойынша атқарылған жұмыстар жайлы" тақырыбындағы өз баяндамасын оқыды. Ол өз сөзінде Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен жеке құрам арасындағы заӊдылық пен тәртіпті сақтау, қоғамға жат құбылыстармен күресіп, сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттердіӊ алдын алу, анықтау бағытында нәтижелі жұмыстар атқарылып жатқандығын атап өтті. 2017 жылғы 3 айдыӊ өзінде полиция қызметкерлері арасында қылмыстық іс-әрекеттер мен құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында 42 рейдтік іс-шаралар жүргізілді, нәтижесінде заӊ бұзушылыққа жол берген полиция қызметкерлері тиісті жауапкершілікке тартылды. Осы атаулы заӊсыздықтармен күресіп, полиция қызметкерініӊ оӊ бейнесін қалыптастыру бағытында жеке құрам арасында тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тапсырмалар мен нұсқаулар берілгендігін де атап көрсетті.

Кеӊес барысында баяндамашыларға сұрақтар қойылып, күн тәртібіндегі мәселелер төӊірегінде ұсыныс-пікірлер айтылды. Мәселен, кеӊес төрағасы Н.Ерманов полиция қызметініӊ қоғам алдындағы имиджін көтеріп, полиция қызметкерлеріне деген халықтыӊ сенімін арттыру мақсатында қарқынды жұмыстар жасалу қажеттігін ескертіп, осы бағытта бірнеше ұсынысын білдірді.

Консультативтік кеӊес айтылған мәселелердіӊ жерде қалмай, қаралған мәселелер төӊірегінде тиімді жұмыстар атқарылуы керектігі жайлы тұжырым жасалынып, қорытындыланды.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны