28.04.2017, 18:17 3691

Қызылорда өрт қауіпсіздігі ережелерін сәбилерге балабақшадан бастап үйрету мақсатында "Қауіпсіз балалық шақ" акциясы өткізілді

Қызылорда облысы ӨҚСБжПҚБ қызметкерлері балаларға өрт қауіпсіздігі ережелері мен өрт кезіндегі әрекеттерді үйрету мақсатында "Қамбар батыр" балабақшасында "Қауіпсіз балалық шақ" акциясын өткізді.

Қызылорда. 28 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы ӨҚСБжПҚБ қызметкерлері балаларға өрт қауіпсіздігі ережелері мен өрт кезіндегі әрекеттерді үйрету мақсатында "Қамбар батыр" балабақшасында "Қауіпсіз балалық шақ" акциясын өткізді. Сабақ барысында балаларға өрттіӊ қауіпті екендігі, оныӊ салдары және қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы түсіндірілді.

Сондай-ақ отпен, сіріӊке және басқа да оӊай тұтанатын заттармен ойнаудыӊ қайғылы жағдайға әкеліп соғуы мүмкін екендігі айтылды. Өрт болған жағдайда шұғыл қызметке "101" және "112" телефон нөмірі арқылы хабар беруге болатындығы ескертілді. Ойын түрінде балаларға түрлі сұрақтар қойылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны