15.10.2018, 15:20 6835

Қызылордада 6 әкім сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған

Мәжіліс тақырыбына жергілікті атқарушы органдарда орын алған сыбайлас жемқорлық қылмыстарыныӊ орын алу себептерін анықтау мен оны жою шаралары арқау болды.

Қызылорда. 15 қазан. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ басынан бері Қызылорда облысында 6 әкім сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін жауапқа тартылған.

Бұл туралы облыс әкімініӊ орынбасары Қ.Ысқақовтыӊ төрағалығымен өткен мәжіліс барысында айтылды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Қызылорда облысы бойынша департаментініӊ ұйымдастыруымен өткізілген жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроныӊ облыстық департаменті, облыстық басқарма басшылары, сондай-ақ, Қызылорда қаласы және аудан әкімдері қатысты.

Мәжіліс тақырыбына жергілікті атқарушы органдарда орын алған сыбайлас жемқорлық қылмыстарыныӊ орын алу себептерін анықтау мен оны жою шаралары арқау болды.

Жиын барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроныӊ облыс бойынша департаментініӊ басқарма басшысы Б.Ниязов - "Жыл басынан бері облыста 6 кент және ауылдық округ әкімдері сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған. Оныӊ ішінде, 3 ауыл әкімі пара алғаны үшін, қалған 3-уі қызметтік жалғандық үшін жауапкершілікке тартылды. Нақты айтқанда, Қазалы ауданыныӊ Басығара ауылдық округі, Шиелі ауданыныӊ Гигант ауылдық округі және Қызылорда қаласыныӊ Белкөл кенті әкімдері жер телімдерін беру үшін пара алған болса, Арал ауданыныӊ Жақсықылыш кенті және Жаӊақорған ауданыныӊ Шалқия мен Төменарық елді мекендерініӊ әкімдері қызметтік жалғандық жасаған", - деді.

Сонымен қатар, мәжіліс барысында облыс әкімі аппараты басшысыныӊ орынбасары С.Шотаев, Агенттіктіӊ облыстық департаменті басшысыныӊ орынбасары Б.Байхожаев және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроныӊ облыстық департаменті басшысыныӊ міндетін атқарушы Е.Тленовтерхабарлама жасап, облыстағы жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықтыӊ алдын алудыӊ өзекті проблемалық мәселелері талқыланды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Қызылорда облысы бойынша департаментініӊ сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасы

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны