11.07.2017, 15:53 3865

Қызылордада алаяқтық дерегі бойынша 41 жастағы азаматшаныӊ үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қазіргі таӊда күдікті Қалалық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдіктініӊ іс-әрекетінен зардап шеккен өзге тұрғындарды анықтау бағытында жұмыстар жасалуда,- деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

Қызылорда. 11 шілде. Kazakhstan Today - Қызылордада қала орталығындағы "сауда үйлердіӊ бірінен орын алып беремін" деген желеумен 4 қала тұрғыныныӊ сеніміне кіріп, жалпы сомасы 1 миллион 520 мыӊ теӊгені құрайтын ақшаларын алаяқтық жолмен иемденген 41 жастағы әйел ұсталды.

Төрт жәбірленуші де ішкі істер органдарына 2017 жылдыӊ 05 шілдесінде шағымданған. Алаяқтық дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексініӊ 190-бабы 1-бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Тергеу жұмыстары барысында күдікті 2014 жылы аталған азаматшалардыӊ сеніміне ие болып, бірініӊ 500 мыӊ, енді бірініӊ 460 мыӊ, тағы екеуініӊ 200 мыӊ және 360 мыӊ теӊге ақшаларын алғандығы анықталды. Алайда берген уәдесін орындамай, ақшаларын да қайтармаған.

Қазіргі таӊда күдікті Қалалық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдіктініӊ іс-әрекетінен зардап шеккен өзге тұрғындарды анықтау бағытында жұмыстар жасалуда,- деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны