02.03.2017, 14:07 6215

Қызылордада Алғыс айту күніне орай Достық үйінде мерекелік іс-шара өтті

Аталмыш мереке Қазақстанда өткен жылдан бері атап өтіледі. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қызылордалықтарды мерекелерімен құттықтады.

Қызылорда. 2 наурыз. Kazakhstan Today - Қызылордада кеше Алғыс айту күніне орай Достық үйінде мерекелік іс-шара өтті. Аталмыш мереке Қазақстанда өткен жылдан бері атап өтіледі. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қызылордалықтарды мерекелерімен құттықтады.

- Алғыс айту күні - бұл еӊ алдымен, бір шаӊырақ астында өмір сүріп жатқан азаматтардыӊ бір-біріне, ортақ тарихымызға құрмет көрсетуі және өзара қолдау күні. Бүгін залда әртүрлі буын, ұлт, дін өкілдері мен мамандық иелері отыр. Бірақ бізді өзара құрмет пен түсіністік, игі істер мен ізгі мейірімділік тоғыстырады. Қоғамдық келісімді нығайтуға, аймақтыӊ әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқандарыӊыз үшін сіздерге үлкен алғысымды білдіруге рұқсат етіӊіздер,- деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, кеше "Нұр Отан" партиясыныӊ Қызылорда облыстық филиалында партияныӊ құрылғанына 18 жыл және Алғыс айту күніне орай салтанаттты жиын өтті. Облыс әкімі, облыстық партия филиалыныӊ төрағасы Қырымбек Көшербаев нұротандықтарды мерекесімен құттықтады.

- "Нұр Отан" партиясы алғашқы құрылған күннен бастап тыӊ бастамалар көтеріп, жауапты шешімдер қабылдауға ұйытқы болумен қатар елмен етене қайнасып, халықтыӊ мүддесін жеткізіп жүрген бірден-бір қоғамдық ұйым. Сондықтан біз алдағы уақыттарда да елдік биік мақсат пен халықтыӊ игілігі жолында аянбай еӊбек етуге, отанымыздыӊ күш-қуатын еселей білуге тиістіміз,- деді Қ.Көшербаев.

Шара барысында облыста президенттік партияны құруға атсалысқан саяси ұйым ардагерлері "Нұр Отан" тарихы туралы айтып, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы партияныӊ рөлі жайындағы ойларымен бөлісті.

Осы күні "Нұр Отан" партиясыныӊ қатарына кірген 9 адамға партия билеті, саяси ұйымныӊ 9 белсенді мүшесіне облыс әкімініӊ Алғыс хаты табысталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны