13.09.2017, 17:21 4169

Қызылордада бейнебақылау камераларыныӊ көмегімен автокөліктердіӊ магнитолаларын қолды қылып жүрген азамат ұсталды

Атап өтерлік жайт, жыл басынан бері бейнебақылау камераларыныӊ көмегімен 97 қылмыстыӊ беті ашылып, 22 686 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оныӊ 20 248-і жол қозғалысы ережесініӊ талаптарын бұзу деректері болып табылады.

Қызылорда. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасыныӊ Жедел басқару орталығыныӊ кезекші инспекторлары Жаппасбай батыр көшесінде орналасқан бейнебақылау камераларыныӊ көмегімен аумақты шолу барысында автокөліктіӊ магнитоласын ұрлап бара жатқан бір азаматты байқайды. Жедел түрде оқиға орнына "Боран" экипажы жіберіліп, нәтижесінде Қызылорда қаласыныӊ 1987 жылы туған тұрғыны ұсталады.

Аталған дерек Сотқа дейінгі тергеп-терсерудіӊ бірыӊғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексініӊ 188-бабымен тіркеліп, тиісті тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Атап өтерлік жайт, жыл басынан бері бейнебақылау камераларыныӊ көмегімен 97 қылмыстыӊ беті ашылып, 22 686 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оныӊ 20 248-і жол қозғалысы ережесініӊ талаптарын бұзу деректері болып табылады.

Сонымен қатар, "Мүлдем төзбеушілік" қағидатын қалыптастыру мақсатындағы заӊ талаптарын орындамау деректері бойынша, атап айтқанда Қазақстан Республикасы Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодексініӊ 434-бабын (ұсақ бұзақылық) бұзудыӊ 1314 дерегі, ИҚБтК-ніӊ 440-бабын бұзудыӊ (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаӊ күйде келу) 859 дерегі, ИҚБтК-ніӊ 449-бабын бұзудыӊ (қоғамдық орындарда тиісу) 9 дерегі анықталды,- деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны