24.09.2007, 13:05 2560

Қызылордада бірқатар лауазым иелері есірткіден емдеу орталығында жатқан науқастарды жеке шаруашылықтарындағы жұмысқа тартқан

Қызылордада бірқатар лауазым иелері есірткіден емдеу орталығында жатқан науқастарды жеке шаруашылықтарындағы жұмысқа тартқан.

Қызылорда. 24 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің қызметкерлері облыстық наркологиялық орталығында мәжбүрлі емделіп жатқан адамдарды жеке үйлерді салу мен оларды қоршап жатқан алаңдарды тазалау мақсатында пайдаланып келгенін анықтады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қызылорда облыстық тәртіптік кеңесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыстық наркологиялық орталықта "соттың шешімімен мәжбүрлі емдеу үшін орталыққа жатқызылған адамдарды жеке үйлерді салу мен оларды қоршап жатқан алаңдарды тазалау мақсатында пайдаланатыны анықталды".

Атап айтсақ, "наркологиялық орталықтың бас дәрігерінің шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары Т. Кенжебаевтың үйінің аумағында мәжбүрлі емделіп жатқан адам жұмыс істеген".

Сондай-ақ, екі науқас "наркологиялық орталықтың бақылаушысы Н. Толеповтың қадағалауы астында ІІД-нің қызметкері Б. Кұржамбаевтың үйінде жұмыс істеген". Наркологиялық орталықтың бақылаушысы - ІІД-нен іссапармен жіберілген қызметкер болып шықты. Өзінің берген түсініктеме қағазында ол "науқастарды ІІД-нің кадр қызметі басқармасының бастығының орынбасары Б. Курманбаевтың өтініші бойынша қоғамдық жұмыстар үшін алып шыққанын жеткізген".

Қызылорда облыстық тәртіптік кеңесінің шешімімен Т. Кенжебаевқа, Н. Толеповқа және Б. Курманбаевқа "сөгіс жарияланды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны