05.01.2012, 13:43 3582

Қызылордада фармацевтикалық компаниялар дәрі-дәрмектер бағасын тұрақтандыру туралы меморандумға қол қойды

Қызылорда облысында 40 фармацевтикалық компания дәрі-дәрмектер бағасын тұрақтандыру туралы меморандумға қол қойған.

Қызылорда. 5-қаңтар. Kazakhstan Today - Қызылордада фармацевтикалық компаниялар дәрі-дәрмектер бағасын тұрақтандыру туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қызылорда облысында 40 фармацевтикалық компания дәрі-дәрмектер бағасын тұрақтандыру туралы меморандумға қол қойған.

Қызылорда облысының әкімшілігі мен фармацевтикалық компаниялардың жетекшілері дәрі-дәрмек бұйымдарының бағасын тұрақтандыру туралы меморандумға қол қойды. Икімшіліктің пайымдауынша, құжат тек бағаны тұрақтандырып қоймай, дәрілердің негізсіз қымбаттауына жол бермейтін болады.

"Меморандум 200 дәрі-дәрмек бұйымдарының тұрақты бағасын қамтамасыз ету бойынша тараптардың міндеттерін қарастырады. Осылайша, қатардағы тұтынушылардың құқығы қорғалып, облыс халқы қажетті дәрі-дәрмектерін тиімді бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болады", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны