25.01.2008, 19:10 2978

Қызылордада ішкі саясат департаментінің жаңа директоры тағайындалды

Қызылордада ішкі саясат департаментінің жаңа директоры тағайындалды

Қызылорда. 25-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда әкімі аппаратының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қызылорда облысы әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Облыс әкімшілігінің ішкі саясат департаментінің директоры болып Илия Мұхамеджанова тағайындалды",- деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен.

"Облыс департаменттерінің барлық директорларының ішінде тек ішкі саясат департменті бастығының кандидатурасы ғана президент әкімшілігімен келісіледі",- деді мекеменің жаңа басшысын таныстырған М. Құл-Мұхаммед.

Илия Мұхамеджанова - экономика ғылымының докторы, профессор. Соңғы жылдары Қорқыт Ата атындағы ҚМУ проректоры, аймақтық біліктілікті көтеру орталығының директоры, одан кейін Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеген.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Қызылорда облысының әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммед үстіміздегі жылы бірінші рет кадрлық тағайындау жүргізді. Ішкі саясат департаментінің бұрынғы директоры Гайнулла Жарқынбаев Қызылорда әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны